Сотталғандар өтініштерін  электронды терминал арқылы жолдауда

Сотталғандар өтініштерін электронды терминал арқылы жолдауда

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі модернизациялаудың маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру, яғни электронды жүйені дамыту болып табылады. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде сотталғандардың мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды форматта жолдайтын терминалдар жұмыс жасап тұр. Түзеу мекемелерде электронды терминал барлық сотталғандарға қол жетімді жерде орнатылған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде екі электронды терминал жатақханада орнатылған.Мекеме бастығының кезекші көмекшісі  әділет капитаны Нұржан Көшекбаевтың айтуынша алдымен сотталған кезекші бөлімге келіп, өзінің мемлекеттік органға  өтініш беретінін білдіреді.

-Мекеме қызметкері қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Осыған дейін сотталған азаматтарға терминалды пайдалану  бойынша оқыту жұмысы жүргізілген. Жыл басынан №37 мекемедегі сотталғандар тарапынан электронды терминал арқылы төрт өтініш жолданған. Электронды терминал арқылы жолдау  жазасын өтеушілердің заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әр-түрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге барлық сотталғандармен шағымдарды электронды түрде жіберген кезде жалған ақпарат бергені үшін жазалау туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз,- деді әділет капитаны Нұржан Көшекбаев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив