Солтүстік Қазақстан облысында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтуде

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау қадағалау комитетімен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы (бұдан әрі – ЖСДҰ) арасындағы қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 26-28 қазан аралығында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша атап айтқанда, ірі қара малдың «аусыл» жұқпалы ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығулар өткізілді.

Аңыз бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында бір сиыр өлген. Өлген сиырдан алынған патологиялық материалды зерттеу кезінде «А» типті аусыл вирусы анықталған.

Оқу-жаттығуларға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ғылыми-зерттеу институттары мен аумақтық инспекцияларының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының төтенше жағдайлары бойынша органдары, ішкі істер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен денсаулық сақтау мекемелері жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларға ветеринариялық қызметінің 43 қызметкері,

5 бірліктен астам техника жұмылдырылды. Жаттығулар барысында:

- Төтенше жағдай кезіндегі қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы;

- «Аусыл» жұқпалы ауруының пайда болуы, диагностикасы, ақпараттандыру, оқшаулау, жою, алдын алу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері;

- Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық қызметінің облыстық және аудандық бөлімшелерінің төтенше жағдай кезіндегі дайындығын тексеру бойынша сұрақтар пысықталды.

Аусыл жұқпалы ауруының ошағын жою жұмыстарын өрістету және ұйымдастыру кезінде дала жұмыстарының дағдылары, сондай-ақ қолайсыз пункттің шекарасын белгілеу және онда жүргізілетін сауықтыру шараларын жүргізілуі, қауіп төнген аймақта алдын алу шараларын жүргізілуі игерілді.

Залалсыздандыруға арналған заманауи құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеу, өндіріске заманауи жеке қорғаныс құралдарын енгізу дағдылары игерілді.

Осы іс-шараның нәтижесінде ветеринариялық қызметтің аусыл ауруының пайда болуына ден қоюға дайындығы, республикалық ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы аусылға қарсы күресті күшейтуге, жауапты ЖСДҰ ұсыныстарын орындау мақсатында ауруларды бақылау үшін расталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив