Ақтөбеде пенитенциарлы жүйеде жұмыс жасайтын психологтарды қолдауға арналған «Балинт тобы» құрылды

Ақтөбеде пенитенциарлы жүйеде жұмыс жасайтын психологтарды қолдауға арналған «Балинт тобы» құрылды

«Matrix Coworking» орталығының мәжіліс залында ұйымдастырылған: Ақтөбеде ең алғаш рет жүзеге асқан «Балинт тобының» бірінші отырысында мүшелікке Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын психолог мамандар және пробация бөлімдерінің психолог мамандары, сонымен қатар өңірдегі «Ақниет» ақпараттық- насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының психологы Ляззат Надиршина қабылданды.   

Мамандардың айтуынша, «Балинт тобы» - пенитенциарлы жүйеде сотталғандармен жұмыс жасайтын психологтарды «эмоционалды күйзелістен» қорғау жолдары немесе оның белгілерін азайтуға бағытталған жұмыстар, қызметкерлердің тәжірибе алмаса отырып өсуі және т.б. жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында құрылған.

«Балинт тобы» - бұл медицина, психология, педагогика және әлеуметтік саладағы мамандарға эмоционалды шиеленісті, кәсіби стрессті азайтуға және эмоционалды күйзелісті болдырмауға көмектесетін тиімді технология болып табылады. Пенитенциарлы жүйеде жұмыс жасайтын психолог мамандар сотталғандармен жұмыс жасау қиындаған кезде орын алып жатқан қиын жағдайларды осы «Балинт тобында» еркін түрде ортаға ұсынып, талқылап, өзі секілді әріптестерімен тәжірибе алмасады.

«Психологтармен құрылған «Балинт тобының» негізгі мақсаттары:
-эмоционалды күйзеліс синдромының алдын алу;
-кәсіби тұлғааралық қарым-қатынаста дағдылар мен құзыреттілікті арттыру;
- психологтың клиентпен кәсіби қарым-қатынасын тежейтін жеке мәселелерді түсіну;
- алқалық қолдау және қиын жағдайларды бірлесіп зерттеу арқылы мамандардың психикалық жағдайын жақсарту;
- тәжірибені дамыту және маманның өмір сапасын арттыру;
- клиенттің мәселелерін және онымен күрделі қарым-қатынастың себептерін түсінуді жақсарту, яғни шешімдерді іздеу»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының аға иснпекторы Нұргүл Жумагулова.

Айта кету керек, аталған «Балинт тобының» қатысушылары, яғни пенитенциарлы жүйеде сотталғандармен жұмыс атқарып келетін психологтары қоғамдық ұйымдардың психолог мамандарымен ай сайын кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив