Ақтөбедегі түзеу мекемесінде дін ұстанушы сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде дін ұстанушы сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесіне Ақмола облысының Науан хазірет мешітінің наиб имамы Улан Шарипов келіп, дін ұстанушы сотталғандармен кездесті. 

Облыстық «Ихсан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада дін ұстанушы сотталғандарға наиб имам Улан Шарипов, ислам дініндегі мұсылман бауырдың ақысы жайында дәріс оқыды. 

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, осындай іс- шаралар өңірдегі Дін істері басқармасымен және теологиялық оңалту қызметін жүргізетін қоғамдық бірлестіктердің теологтарымен, сондай- ақ психолог мамандармен тұрақты түрде өткізіледі. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бастап республикалық ақпараттық- талдау тобының теологтары өңірдегі түзеу мекемелеріндегі дін ұстанушы сотталғандармен бірнеше рет кездесулер өткізіп, сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

«Мұндай кездесулерді түзеу мекемелерінде жиі ұйымдастырудағы мақсат - терроризм және діни экстремизм идеологиясын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастардан арылту болып табылады.

Жалпы, Республикалық деңгейдегі теологтар мен имамдардың түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен кездесуі өз кезегінде жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттырып, діни көзқарастарының оң бағытта болуына көп септігін тигізеді»,- дейді №8 түзеу мекемесінің теологиялық оңалту жұмысы тобының аға инспекторы әділет капитаны Мейіржан Ешниязов. 

Кездесу соңында түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер Науан хазірет мешітінің наиб имамы Улан Шариповке көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. 

 Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив