Пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өтті

Пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  №37 мекемесінің мәжіліс залында  қайта құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бойынша пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен өткен шараға Қызылорда облыстық  прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Әбіләзім Асхат Әбдіғабитұлы, басқарма прокуроры Баттал Жарылқасын Жангелдіұлы, қалалық пробация қызметінің қызметкерлері және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

Жиынды ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров ашып,  пробация есебіндегі азаматтарға қайта қылмыс жасамауға,сотпен жүктеген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік және құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды.Сондай-ақ, есептегі сотталғандардың жұмыспен қамтылу, қоғамға, отбасына  пайда келтірер іспен айналысуға үндеді. Оларды өмірге қайта  бейімдеу мақсатында пробация қызметкерлері тарапынан  өткізілетін іс шараларға белсене ат салысып, дүниелік танымддарын арттыру мақсатында әдеби және танымдық бағыттағы шығармалар оқу керектігі жайлы да айтып өтті.

Мұнан соң  ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Құлманов аудандық және қалалық пробация есебіндегі сотталғандармен қылмыстық құқық бұзушылықтықтардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

-Қазіргі таңда аудандық және қалалық пробация қызметінің есебінде 1000-нан аса  сотталған есепте тұр. Жыл басынан 26 сотталған сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарғаны үшін, жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылып, жазасын түзеу мекемесіне өтеуге жіберілді. Есептегі азаматтармен тоқсан сайын кездесулер өткізіліп, құқықтық профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі»,- деді әділет майоры Ғаламат Құлманов.

Жиын барысында басқарма бастығы А.Әбіләзім  пробация есебінде тұрған азаматтар тарапынан қайта жасалынып жатқан құқықбұзушылық пен қылмыстардың саны азаймай отырғаны айтылып, екінші рет құқықбұзушылық пен қылмысқа барған азаматтарға тағайындалатын жазалардың тым ауыр болатындығын түсіндірді. Сотталғандарға жаза өтеу барысында пробация қызметімен белгіленген тәртіппен сот жүктеген міндеттерді сақтауға,  қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермей, ҚР Қылмыстық- атқару, Қылмыстық кодексінің заңды талаптарын орындауға шақырды.

Жиын соңында пробация есебінде тұрған азаматтарға қайта қылмыс жасап түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар  туралы бейнеролик көрсетілді. Сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары  заң шеңберінде тиісті жауаптар берді.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Ashlee 24 августа 2023 21:33

    Normally I don't learn post on blogs, but
    I wish to say that this write-up very pressured me to try
    and do so! Your writing taste has been amazed me. Thanks, quite great post.



    my blog; Zack

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив