Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеулер туралы есепті тыңдады. Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы 293 хабарлама жіберіліп, оның 78% - ы ерікті түрде орындалды. Сондай-ақ бұл ретте бизнес өкілдерін бәсекеге қабілетті болуға  ынталандыру үшін "жұмсақ құқықты"пайдалану практикасы жалғасуда.

Марат Омаров хабарлағандай, Агенттік жұмысының стратегиялық бағыттары бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің өндірістің негізгі факторларына тең қол жеткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизм көріністерінен тазарту басты назарда.

Президентке Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту, конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жеке кәсіпкерліктің экономикаға қатысу деңгейін арттыруға, экономиканың негізгі секторларында бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударады. Агенттіктің қызметіндегі бағдар ретінде "ex-ante" шараларын пайдалануға аса назар аударып, монополияға қарсы бұзушылықтардың алдын алу айқындалды.

Өз қызметін цифрландыру шеңберінде БҚДА Ұлттық статистика бюросы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агеттігімен бірлесіп, Бәсекелестіктің жай-күйінің талдамалық порталын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Нарықтар бойынша деректерді жинау процесін автоматтандыру негізгі тауар өзгерістерін және олардың шоғырлану жай-күйін айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Агенттік көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Агенттік басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив