Жазасын өтеушілер жақындарымен кездескен соң жан тыныштығын табады.

Жазасын өтеушілер жақындарымен кездескен соң жан тыныштығын табады.

Сотталғандар мен жақындарының кездесуі алайда, кесілген жазаға байланысты.

Мәселен, бір жылдың ішінде қысқа мерзімге – 2 сағатқа және ұзақ уақытқа - 2 күнге кездесуге рұқсат етуге болады.

Жақынымен жүздесіп, сағынышын басуды төрт қабырғаға қамалып отыратынн жазасын өтеуші әр жанның тағатсыздана күткені анық. Сондай жанның бірі С есімді азамат.

ҚР ҚК- тің 174- бабы бойынша сотталған. Жаза мерзімінің соңғы бөлігін осы Қызылордадағы Қылмыстық- атқару жүйесіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде ( тергеу изоляторы) өтеуде.

Білімі жоғары. Египетте оқып, діни білім алған. Бірақ, сол алған білімін дұрыс жүзеге асырмады. Адасты.

Санасы теріс бағыттағы діни насихатпен тұманданған ер азамат бүгінде сол кездегі діни көзқарастарынан мүлдем арылған.

Бұл әрине, тәрбие бөлімі қызметкерлерінің соның ішінде теологтардың үздіксіз жүргізген ерен еңбегінің нәтижиесі.

- Тергеу изоляторында жазамды өтеп жатқаныма екі жылдан асты. Осы жылдар аралығында мекеме қызметкерлерінің ұйымдастырған әртүрлі іс- шараларына қатысып, теологтар мен мешіт имамдарының дәрістерін тыңдап,қателіктерімді түсіндім.

Бұл сынақ менің отбасым үшін өте ауыр болды. Өмірлік серігім мен төрт перзентім мені қолдап, кездесуге келіп тұрды. Бүгін міне, мыңдаған шақырымды артқа тастап, Ақтөбеден әйелім мен кіші ұлым ұзақ мерзімді кездесуге келіп отыр.

Ұлымды көріп, көңілім көтеріліп қалды. Енді екі күн әйелімммен шүйіркелесіп, әңгімелесіп, іштегі мұң-шерімді босатамын.

Бұйыртса бостандыққа шығуыма 6 ай қалды. Бұл мекемеге әйелім кездесуге осымен екінші рет келіп отыр.

Кездесуге рұқсат берген мекеме басшылығы мен ұйымдастырушы қызметкерлерге алғыс білдіремін.

Әйелімнің айтуы бойынша, үлкен ұлым құқық қызметкері боламын деп жүр екен. 7 жыл қамауда болып, білімі мен тәрбиесіне көңіл бөле алмадым.

Ал,екі күн баурыма басып жатқан кіші ұлымның бостандыққа шыққан соң, сабағын өзім оқытамын.

Ұлықты ұл етіп тәрбиелегім келеді- деп, ізгі мақсаттағы ойларын жеткізді сотталған азамат.

- Ия, кеште болса өз қателігін түсініп, оң діни көзқарасқа өзгерген бұл сотталған азаматтың мақсатына жетуіне тілектеспіз.

Мұндай, экстремиз- терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарды оң бағытқа өзгерту өте қыйын.

Ол үшін біз көп еңбек етеміз. Соның бірі, осылайша жақындарымен жүздескен соң, жазасын өтеушілер жан тыныштығын табады.

Мінез- құлқы өзгеріп, көтеріңкі көңіл-күйде болады - дейді АКАӘПТЖБ-нің бастығы,әділет капитаны А.Тұрманов.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив