Ұлт саулығын қалыптастыру - басты бағытымыз

Ұлт саулығын қалыптастыру - басты бағытымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

       Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды.

       "Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын»,- деді Қасым-ЖомартТоқаев. Яғни, бұл деген сөз - әділетті мемлекет, біртұтас ұлт үшін ұйысу, бірігуді білдірсе керек.

    Президент болашаққа бағытталған байыпты бағдарлар мен міндеттерді саралау барысында денсаулық сақтау саласына да айрықша назар аудару қажеттігін баса айтты.

     «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.

      Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.

       Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.

       Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі.

       Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

      Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен»,-дей келе, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігін тапсырды. Бүгінде медициналық әлеуметтік сақтандырылмаған адамдар саны әлі де жетіп артылады. осының қиындығы - емдеу мекемелеріне кедергі болып  отырғаны жасырын емес. Халыққа барынша ақпараттық-насихаттық жұмыстар айтылып, түсіндіріліп жатқанымен, қиыншылықтар көп. Алдағы уақытта осының бәрі реттеліп, бір жүйеге келсе, сала қызметкерлерінің жұмысы да алға жүріп, халық денсаулығын арттыру бағытындағы ісімізге жаңаша серпін келер еді. Жалпы, денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесі қайта қаралатын  болғаны - қуантарлық жағдай.

Жамбыл облысында алдағы уақытта  медициналық қызмет көрсетілетін халықтың саны 50 000 (елу мың) және одан жоғары бірнеше жақын маңдағы аудандардың халқына қызмет көрсету үшін жұмыс істеп тұрған аудандық аурухана базасында құрылатын көп бейінді ауданаралық ауруханалар құрылатын болады.

Олардың құрамында инсульт орталықтары және (немесе) тері арқылы коронарлық араласу орталықтары, перинаталдық орталықтар немесе босандыру бөлімшелері, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар көп бейінді ауданаралық ауруханаларды  Жамбыл облысының Меркі, Талас және Шу қалалық емдеу мекемесі базасында іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бекітілген халық саны, ауылдардың ауруханамен арақашықтығы (км) есептеліп, қажетті шататтық құрамы және бейінді бөлімдердің төсек орынына қажеттіліктер анықталуда. Қажетті медициналық құрал-жабдықтар өтінімдермен, өзекті мәселелер бойынша жұмыс жасалуда.

Сонымен қатар, облыста  "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасын іске асыру үшін облыстың 46 жаңа үлгі объектісін салуға нақты қажеттілік айқындалды.

"Сонымен қатар телемедицина бағытын дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетіледі",- деді Президент.

         Телемедицина орталығы облыстың барлық  емдеу мекемелері ұйымдарымен, сондай-ақ Астан, Алматы қаласының Ғылыми-зерттеу институтымен тәулік бойы байланысты телесеанстар өткізуді қамтамасыз етуде. Облыс бойынша 2022 жылдың 7 айында барлығы 924 телемедициналық кеңес жасалды, оның ішінде телефон арқылы - 107, телемедициналық кеңес- 817 жасалды. 324 науқас тасымалдау арқылы ем алса,   82 науқасқа ота жасалды.

       Ал, тұрғындарға медициналық көмек қолжетімділігі мәселесіне келсек, жоспарланған елді мекендерде барлығы 239 269 адамды (2021 жылы – 257 065) медициналық тексерумен қамту жоспарланған. 2022 жылдың 7 айында медициналық тексерумен 174 881 адам (73%) қамтылған, оның ішінде 49 637 бала  (2021 жылы – 87 206 (34%), олардың  23 684-і  балалар).

        2022 жылдың 7 айында 43 264 диагностикалық зерттеулер, 16 025 зертханалық тексеру, 193 663 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді, (2021 жылы – 22 094 диагностикалық зерттеулер, 10 960 зертханалық тексеру, 75 360 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді).

Тұрғындарды медициналық тексеру барысында 6 313 науқас анықталды (2021 жылы – 3 091), оның ішінде 3 102 (2021ж – 562) емдеу мекемелері ұйымына есепке алынды, оның ішінде 1 793 балалар (2021ж – 88). Бүгінде 11 жылжымалы медициналық кешеннің 10-ы  жарамды күйде, 1 (КАМАЗ) тозған.

   "Мен келесі жылдан бастап ауыл тұрғындарының  мұқтаждықтарына бағытталған ұлттық жобаны жүзеге асыру жөнінде шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде қазіргі кезде  медициналық мекемесі жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер  салынып,  толықтай жабдықталады.  Осылайша мемлекет  миллионнан аса азаматымызды алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз етеді.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып,  ауданаралық көпбейінді медициналық мекеме ретінде қайта құрылады.  Онда инсульт орталығы,  хиругия, жан сақтау және оңалту бөлімдері пайда болады" - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

       Облысымызда биыл 23 нысанның құрылысы басталды, оның 22-сі ауылдық жерлерде (Байзақ ауданының орталық аудандық ауруханасы, дәрігерлік амбулатория, Шу ауданындағы оңалту орталығы), Меркі, Жамбыл аудандарындағы озат тәжірибе орталықтары, сондай-ақ,Талас ауданында 9 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Жамбыл облысында алдағы 3 жылда ауылдық жерлерде тағы 46 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда. 2023 жылы Талас, Мерке, Шу аудандарында ауданаралық ауруханалар ашу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

       Халқымыз үшін жасалынып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтап, асқан жауапкершілікпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды  қарқынды түрде дамытуға, ұлт саулығын арттыруға бар күш-жігерімізді саламыз.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының  орынбасары Хамит Мұрзақасымов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив