Ұлттың ұлы ұстазы

Ұлттың ұлы ұстазы

“Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда

ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.

Әбіш Кекілбаев

 

Біздің ата-бабаларымыз адам өмірін жұлдызбен салыстырды. "Менің жұлдызым жанып тұр", - дейді адамдар кең аспанға қарап. "Сол ұлы күндердің жарқын жұлдыздарының үзіндісі ретінде, ата – бабаларымыздың тілі - сен маған мұра етіп қалды", - деп жазды қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев. Қазақ халқының осындай жарқын шамдарының бірі - Ахмет Байтұрсынұлы".

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, саяси публицист - журналист, ірі қоғам қайраткері, қазақ лингвист - ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ағартушы - ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы.

 Қазақстанда «Ұлт ұстазы» («Учитель нации») ретінде құрметке ие.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ән - күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.

Бір басында сан - салалы өнер тоғысқан тілегей - теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі  тұлға, халықтың рухани көсемі.

Адам өмірінде болатын аумалы - төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлының тағдыр толқындарынан, қайғы - қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді... Төл  тарихымызда орын алатын Алаш азаматтарының бірегейі, қазақ елінің азаттығының туын көтерген, қазақ елінің рухани көсемі.

Ахмет Байтұрсынов - осы бір есім елге таныс болғалы «Мен – қазақпын!» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ шығар.

Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт - дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата - бабаларымыздан қалған ар - намыс, жігер - қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы - ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған, туған тілді қадір тұтқан. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине - тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі!

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті де өз үлесін қосуда.

 «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!»

С. Рамазанова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив