Қызылордада электронды білезікті үзген сотталғанға қатысты сотқа ұсыныс жолданды

Қызылордада электронды білезікті үзген сотталғанға қатысты сотқа ұсыныс жолданды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация есебінде тұратын  32 сотталғанға  электронды білезік тағылған болатын. 

Қызылорда қалалық  пробация қызметінің есебіндегі А есімді сотталған ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып,  сот үкімімен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жуырда бұл сотталғанға қалалық пробация қызметімен электронды білезік тағылған. Электронды бақылау құрылғысы тағылса да ол  сот жүктеген міндеттерді орындамай,  жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып, мәжбүрлі еңбекті атқарудан бас тартқан. Пробация қызметкерлерімен төрт рет «ескерту»  тәртіптік шарасы қолданылған.

-Бұл сотталған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін  бірнеше рет бұзған. Соттталған бұнымен тоқталмай, масаң күйде болып, электронды құрылғысын өздігінен үзіп тастаған. Сол мезетте пробация инспекторларының планшеттеріне сигнал келіп түскен. Жүргізілген тәрбиелік жұмыстардан еш нәтиже шығармаған сотталғанның іс –құжаттары жинақталып, бас бостандығының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін  сотқа ұсыныс  жолданды,-  дейді  әділет майоры Ж.Есмаханов.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив