БАЙЗАҚ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

БАЙЗАҚ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2022 жылдың қаңтар-маусым 12013,7 млн. теңгені, 101,2%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 134,4 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 11845,9 млн. теңге (НКИ – 101,2%).

2022 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 14120,3 млн. теңгені немесе НКИ 103,1 %-ды құрайды деп күтілуде.

Егін шаруашылығы

Ағымдағы жылы аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59790 гектарды құрайды, оның 29549 га суармалы, 30241 га тәлімі.

Көктемгі егіс дала жұмыстары

2022 жылы көктемгі жер жырту көлемі 5445 га, 100,0%. Дақыл егуге дайындалатын жер көлемі 30530 га, нақты 100,0%. Жаздық масақты дақылдар себу жоспары 12790 га, нақты 100,0%. Жаңа көпжылдық шөп егу жоспары 4700 га, нақты 100,0%. Көкөніс егу жоспары 5704 га, нақты 100,0%. Майлы дақыл егу жоспары 1400 га, нақты 100,0%. Қант қызылшасы егу жоспары 1000 га, нақты 100,0%. Бахша егу жоспары 1800 га, нақты 100,0%. Картоп егу жоспары 700 га, нақты 100,0%. Дәндік жүгері егу жоспары 2010 га, нақты 100,0% себілді

Аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусым айынын шаруашылықтың барлық санаттарында 9,9 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді , 101,5%, сүт – 16,8 мың тонна (100,4%), жұмыртқа – 5,1 млн. дана (100,2%).

2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың маусым айында мүйізді ірі қараның 107,7 % ( 56439 бас), қой 112 % (349514 бас), жылқының 115 % (20079 бас), түйенің 105,6 % (1037 бас) және шошқа 105% (1618 бас) өсуіне қол жеткізілді. Құстар 191,4% (1089029 бас) құрады.

Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және несиелендіру бағдарламалары

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несилендіру 2022 жылы көктемгі дала жұмыстары үшін жалпы 29,0 млн. теңгеге 3 шаруа қожалық несиелендірілді.

Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы
6 шаруашылық 99,8 млн. теңгеге 7 трактор және «Тараз ӘКК» арқылы
1 шаруашылық 25,2 млн. теңгеге 2 трактор және 43 млн. теңгеге
1 комбайн алды.

Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да шаруашылықтар субсидия алуда. Биылғы жылдың 6 айында аудан бойынша 616 шаруашылық жалпы 1 млрд. 24 млн. теңге субсидия алды.

Атап айтқанда: мал шаруашылығы субсидиясы 454 шаруашылық 672,4 млн. теңге, инвестиция субсидиясы 39 шаруашылық 165,4 млн. теңге, егін шаруашылығы субсидиясы 14 шаруашылық 49,7 млн теңге, қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін субсидиясына 1 шаруашылық
44,4 млн. теңгеге, кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 108 шаруашылық 92,2 млн. теңгеге.

Өнеркәсіп өндірісі туралы

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 3 млрд. 401 млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі – 100,3% құрады.

2022 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің болжамы - 3 млрд. 526 млн. теңге, нақты көлем индексі 100,2 % күтілуде.

Анықтама: аудандағы өндіруші кәсіпорындар «Тараз май» ЖШС, «Рола-7» ЖШС, «Аулие-Ата Феникс» ЖШС, «Алди и К» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Керамик Шагал» ЖШС,КГП «Байзақ су», «Валихан» ЖШС болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік 

Бөлшек сауда айналымы 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында – 8 млрд. 184 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 108,4% құраса, көтерме сауда айналымы 1719,4 млн. теңгені  61,7% -ды құрады

2022 жылдың 7 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 8,3 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,0 %-ды құрайды деп күтілуде.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 7001 бірлікті немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 105,1%-ды құрады. ШОК- тегі жұмыспен қамтылғандар – 8253 адам, барлық белсенді халықтағы үлесі 18,3 % құрайды. ШОК субьектілерінің өнім шығарылымы – 47404 млн. теңге.

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Бизнестің жол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 868,1 млн. теңгеге 22 жоба қаржыландырылды. Олар:

  1. «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» - 11 жоба 576,5 млн.теңге.
  2. «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» - 11 жоба 291,6 млн.теңге.

Қазақстан Республикасының «2020-2025 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданнан 58,4 млрд.теңгені құрайтын 9 жоба индустриалды картаға енгізіліп, 2021 жылы 6,3 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды («Алель Агро» АҚ Көктал құс фабрикасы, «Kazstonebox» ЖШС, «GrandFoods Premium» АӨК, ЖК «Жабатаева Л.К», ЖК «Мухиев Е»).2022 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 13 млрд. 107,8 млн. теңгені немесе              2021 жылдың тиісті кезеңіне 106,8% құрады.

2022 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің болжамы 14 млрд. 900,0 теңге немесе нақты көлем индексі 100,3% күтілуде.

2022-2025 жылдар аралығында аудан бойынша
56,3  млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобалар кезең кезеңімен іске асырылады («Алель Агро» АҚ, «КАРАГАНДА АГРОИНВЕСТ-Т» ЖШС,  «DairyFreshFarm» ЖШС, «Нұрлыжай» ШҚ, «Алель Агро» АҚ-құрама жем зауыты, «Әулие Ата Феникс» ЖШС, «КазГаз Блок» ЖШС,«Адель» ШҚ). Осы жобалар аясында 880 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 6,7 млрд. теңгені құрап,
2021 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда 1,5 есеге артты.

Ағымдағы жылы 27 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:
1 полиция пункті, 1 мәдениет үйі, 4 денсаулық сақтау нысаны, 3 білім беру нысанының, 2 білім беру нысанына газ тарту, 5 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, 10 ауылды сумен жабдықтауға, 1 елді мекенді газдандыруға.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 14,1 мың шаршы метр болып, 2021 жылдың тиісті деңгейіне 105,8%-ды құрады.

Ауданда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін алуға 11868 азамат жер кезегіне тіркелген.

2020 жылы Үлгілі ауылындағы 28,9 га (150 жер) тұрғын алқабына инфрақұрылым (электр жүйелері, газ желісі) 236,1 млн. теңгеге, Аймантөбе ауылындағы 10 га (44 жер) тұрғын алқаптарына инфрақұрылым (электр жүйелері, газ желісі, таза ауызсу желісі) 91,7 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2020 жылы аяқталды. Нәтижесінде 194 азамат жер телімдерімен қамтылды және қалған Мырзатай ауылындағы 15 га тұрғын алқабына таза ауыз су жүйсінің құрылысы аяқталып, 75 азамат жер телімімен қамтылды. 2021 жылы Жетібай ауылынан 50 га, тұрғын алқабына инфрақұрылым (электр мен су жүйесі) құрылысы аяқталып, Жалғызтөбе а/о теңгеріліміне тапсырылды. Нәтижесінде 2022 жылы
260 азамат жер телімімен қамту жоспарлануда.

Асарлатып үй салу

«Асарлатып үй салу»  жобасы аясында 2021 жылы ауылдық округтерде 18 баспана қоғамның осал топтардағы отбасыларына берілді.

«Туған жер» бағдарламасы аясында аудан кәсіпкерлерінің, ауыл тұрғындарының, еріктілердің қолдауымен жобасы қолға алынып бір қатар жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылы 14 үй соғу жоспарланған. Бүгінгі күнге 1 үй қолоданысқа беріліп, Қалған үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолы

Аудандық маңызы бар жолдардың жалпы шақырымы 132,07 шқ, құрайды оның ішінде орта жөндеу жұмыстарын 3 аудандық маңызы бар (Сарыкемер-Мырзатай 8,95шқ, Жібек жолы-Жақаш-Көкөзек 19,2шқ, Шахан ауылына кіреберіс 4шқ) қажет етеді, қалған  99,92 шқ жолы жақсы жағдайда.немесе  95,0 %-ды құрайды

Елді мекен көшелерінің жалпы шақырымы 421,1 шақырымын құрайды оның ішінде 175,6 шқ жақсы жағдайда болса, 115,2 шқ қанағаттанарлық жағдайы немесе 91,4 %- ды құрайды және 130,5 шқ қанағаттанарлықсыз жағдайда несем 8,6 %.

2022 жылы аудандық маңызы бар жолды 96% және елді мекен көшелерін 92,3%-ға жеткізу жоспарлануда.

Газдандыру

Ауданның 43 елді мекеннің 42 елді мекеніндегі тұрғындарға газ тұрақты берілуде немесе 99%. 43 елді мекендегі 17 312 ауланың
16 743 ауласы бүгінгі күнге көгілдір отынды тұрақты пайдалануда.

2022 жылға Төрткөл ауылына орта қысымды магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жыл қорытындысы бойынша аудан аумағында орналасқан 43 елді мекен толық көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Ауыз су

Аудан аумағындағы 43 елді мекеннің 30 елді мекені ауыз сумен қамтылған немесе елді мекен санымен 69,7 %.

Бүгінгі күнге орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 13 елді мекеннің 9 елді мекеніне (Аққия, Сарыбарақ, Ақтөбе, Ботамойнақ, Қосақ, Жеңіс, Жібек жолы, Төрегелді, Тегістік) қаражат қарастырылып мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы жарияланды.

Қалған 4 елді мекенді (Шахан, Төрткөл, Жаңасаз, Қайнар)
2025 жылға дейін ауызсумен қамту жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламалар

«Ауыл - ел бесігі» жобасымен 20 нысанға 2,1 млрд. теңгенің жұмыстары атқарылуда, оның ішінде білім нысанына жанама құрылысқа және газдандыруға 3 жоба 229,7 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы нысандарын құрылысына және күрделі жөндеуге 4 жоба 547,5 млн. теңге, мәдениет саласы нысандарын құрылысына және күрделі жөндеуге 2 жоба 227,1 млн теңге, жолдарды жөндеуге 38,4 шақырым немесе 11 жоба 1,1 млрд. теңге.

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде 5,2 млрд. теңгеге 10 елді мекенді сумен қамту және 5 жоба инженерлік инфрақұрылымды дамыту 2 елді мекен көшелері мен 1 автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 1 емхана құрылысы, 2 мектеп құрылысы,
1 полиция пункті, ЖСҚ әзірлеу 15 жоба және 1 жоба газбен қамтуға 6,2 млрд. теңге қаражат қаралды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

2022 жылы 28 маманға 128 646,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға несие және 20 маманға  6 126,0 мың теңге көтерме жәрдемақы қарастырылып, қазіргі таңда 8 маманға 36,8 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие (5 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 мәдениет)  және
10 маманға 3,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы берілді, (9 білім, 1 мәдениет саласының мамандары)

Еңбек нарығы

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық 51,3 мың адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер 49,0 мың адам, жалдамалы қызметкерлер
31,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 17,7 мың адам, жұмыссыздар 2,3 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі – 4,5% құрады
(2021 жылдың 1 қаңтарына).

2022 жылдың І тоқсанына бір қызметкерге орташа айлық жалақы 180025 теңгені құрады немесе 24,5 % өскен. Жұмыспен қамту мәселелері жөнінде өтініш берген азаматтардың саны 1751 адам, оның ішінен аудан мекемелерінде ашылған жаңа және бос жұмыс орындарына 1062 адам жұмыспен қамтылды.

Бірінші бағыт бойынша:

-кәсіптік оқыту (оқыту орталығы) -20, орындалуы 20 адам;

-кәсіптік оқыту (жұмыс орындарында) -25, орындалуда

Екінші бағыт бойынша:-кәсіптік оқыту (онлайн) -120, орындалуы 81 адам;

 Кәсіпкерлік негізіне оқыту жоспары 400 адам,

-400АЕК грант жоспары-363 (444,7 млн.теңге), орындалуы 2 адам;

Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»:

- әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар 190, орындалуы 191 адам (мүгедегі-3);

-жастар практикасына жоспар бойынша 190, жолдануы 191 адам (о.і. мүгедегі-1).

-ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жоспар бойынша 800, орындалуы 606 адам (оның ішінде мүгедегі-33 адам).

-бос жұмыс орындарына (тұрақты) жоспар 2379, жұмыспен қамтылғаны 1430 адам (оның ішінде мүгедегі 27 адам).

-алғашқы жұмыс орындарына – жоспар 11 адам, орындалуы 4 адам;

Мемлекеттік, салалық, өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша  жоспары 415 адам, орындалуы 133 адам (агроөнеркәсіп кешені-10 адам , кәсіпкерлікті дамыту-26 адам, қуатты өңірлер- ел дамуының драйвері -124 адам, орындалуы 68 адам,Білімді ұлт» сапалы білім беру – 246 адам, орындалуы 65 адам, жасыл ел ұлттық жобасы – 9 адам);

-пробация квотасына жоспар- 6 адам, орындалуы 3 адам;

-мүгедектер квотасының жоспары -47 адам орындалуы 43 адам.

Әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен 2935 адамы бар
511 отбасы тұрады, бұл аудан халқының  2,7 пайызын құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке бюджеттен 104936,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 100% төленді.

Тұрғын үй көмегіне бюджеттен 1020,0 мың теңге бөлініп,
45 отбасының 266 адамына тағайындалып төленді.

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға төленетін төлем бағдарламасы бойынша 2022 жылға жоспар бойынша 70449,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Ауданда 2022 жылдың 1 шілдесіне 3397 мүгедек тіркелген.

Оның ішінде: 1 топтағы мүгедектер – 281 адам, 2 топтағы мүгедектер – 1451 адам, 3 топтағы мүгедектер – 1493 адам және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 172 адам.

 «Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 60500,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 13334,0 мың теңге (жылдық жоспар 73834,0 мың теңге;) оның 46574,0 мың теңге қаржы игеріліп, орындалуы 100% құрады.

Денсаулық

Аудан бойынша 44 емдеу мекемелері аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді (1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулаториялар, 19 медициналық тіректер, 6 фельдшерлік-акушерлік тіректер).        Аудандық аурухана 133 төсек, оның ішінде 122 төсек тәуліктік,
11 төсек күндізгі стационар. Аудандық емхана 350 тұрғынды қабылдауға арналған.

Аудандық емдеу мекемелерінде бүгінгі күнде 115 дәрігер, 514 орта буын медицина қызметкерлері, 144 кіші мейірбикелер, басқалары
121 адам, барлығы 894 адам қызмет атқаруда.

           Аурушаңдық 6 ай 2022 ж :

            Туберкулезден аурушаңдық  9,1–ден 20,0- ге (100 мың тұрғынға) артқан;

            Қан айналымы жүйесі аурулары 1671,3-тен, 1719,2-ге(100 мың тұрғынға) артқан;

            Сифилистен аурушаңдық тіркелмеген;

            Қатерлі ісіктерден аурушаңдық 62,5 –тен 53,8- ге (100 мың тұрғынға шаққанда ) төмендеген.

            2022 жылы 6 айда жалпы өлім 2,2 болса  2021 ж 6 айында да 2,2-ні   (1000 тұрғынға шаққанда ) құрап тұр.

            -Қатерлі ісіктерден өлім 16,4-дан 21,5-ге арткан;

            - Қан айналымы жүйесінен өлім 23,7-ден 36,8-ке арткан;

            - Жарақаттар мен уланулардан өлім 13,7- дан, 28,7-ге арткан;

            - Жол- көлік апаттарынан өлім 3,6-дан 5,4-ге дейін арткан;

            -Туберкулезден өлім 2020-2021 ж. 6 айда тіркелген жоқ.

           Демографиялық көрсеткіштер.

            2022 жылы 6 айда 1210 бала туылған (2021ж. -1288) 14,0-ден 13,0-ға туу көрсеткіші төмендеген.

            2022 жылы 6 айда 1 жасқа дейін – 7 сәби өлімі тіркеліп, (2021ж. -9).

7,0 промильден – 5,8 промильге сәбилер  өлімі төмендеген.

Білім беру

 Жалпы білім бөліміне қарасты 107 білім беру мекемелері бар. Оның 44-і жалпы білім беретін мектептер, 52 мектепке дейінгі ұйымдар, және
6 мектептен тыс мекемелер, 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, 2 спорт мектебі мен 2 лагерь. Жалпы оқушы саны – 22004.

        Аудан мектептерінен 916 оқушы 11 сыныпты , 1923 оқушы
9 сыныпты бітірді.
 

        22 оқушы мектепті «Алтын белгі» төс белгісімен бітірсе, 39 оқушы Үздік аттестат иегері атанды.

        Мектеп бітіруші түлектердің 714-і ҰБТ-дің бірінші мүмкіндігіне,
646 оқушы екінші мүмкіндігіне тіркелді. ҰБТ тапсыру 5 шілдеде аяқталады.

        ҰБТ қортындысы бойынша 2022 жылы жалпы 916 оқушының
705  ҰБТ-ға қатысқан, орташа балл жинағы 84,2 құраған, (2021 жылы жалпы оқушы 970, оның қатысқаны 723, орташа балл жинағы 89)

        2022 жылғы 01 шілдеге дейін ата-аналардан балаларын 1 сыныпқа қабылдау бойынша 1801 өтініш түсті. Оның 1000-ы электронды, 801-і қағаз түрінде берілді.(2021 жылы- 2329 оқушы қабылданды)

Білім беру саласына 2022 жылға 20,7 млрд. теңге бөлінді, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5 пайызға артты (2021 ж.- 18,5 млрд. теңге).

Мәдениет

Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар,
1 аудандық орталық, 1 аудандық балалар және 23 ауылдық кітапхана,
1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 2 «халықтық» атағы бар ұжым тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде.

         Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша аудандық көпшілік кітапхана, аудандық балалар кітапханасы мен 23 ауылдық кітапханалардың кітап қоры 280654 кітапты (274915) құрап, оның ішінде мемлекеттік тілде 140155 (134936) кітап, оқырмандар саны 15798 (11766),  өткізілген көпшілік іс-шаралар саны 380 (553) құрады.

Барлық кітапханалардың базасынан ашылған 24 цифрландырылған ақпараттық орталықтары қызмет көрсетеді.

Спорт

 2022 жылы ауданда 284 спорт нысаны бар.

(1 стадион, 4 спорт кешені, 207 жазықтық құрылғы, (о.і. 154 спорттық алаңша, 53 футбол алаңы) 1 ашық теннис корты, 45 спорттық зал, 26 жапсарлас спорттық залдар ).

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 2021 жылдың қорытындысымен 40390 адамды немесе жалпы халықтан 36,5% құраса, бұл көрсеткіш 2022 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен 42045 адамды немесе жалпы халықтан 37,8% құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда
1655 адамға көбейген.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың ішінде
11647 адам 14 жасқа дейінгілер, 15772 адам 14-29 жас аралығындағы жастар (
жалпы жастардан 64%) және 14626 адам 29 жастан жоғарылар болып есептелінеді. Жалпы спортпен шұғылданушылар арасында 360 адам дене мүмкіндігі жектеулі адамдар санатына жатқызылады.

Аудан бойынша  ағымдағы жылдың І жарты жылында 241 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 12317 адам қамтылып отыр. (2021 жылы-575 спорттық іс-шара өткізілсе, оған 23315 адам қамтылған)

Ішкі саясат-Жастар

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар Республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілермен тығыз байланыс жасалып, жыл басынан облыстық басылымдарға – 71 материал, атап айтқанда, халықаралық басылымға - 3 ("Qazaqstan dauiri" газетінде маусым айында), республикалық басылымға 2 (оның ішінде, сәуір, мамыр, маусым айларында «Егемен Қазақстан» газеті мен «Казправда» газетінде).

Жыл басынан облыстық басылымдарға – 65 (оның ішінде, сәуір, мамыр, маусым айларында «Аq jol» газетінде – 19, «Знамя труда» газетінде –9, «Аrai» газетінде – 5, "Мерзім" газетінде  - 1) жарияланды.

Бүгінгі күнге республикалық телеарналарға – 1 («Хабар 24»), облыстық телеарналарда – 30 сюжет, «Jambyl TV» телеарнасында – 21 және «77 ТV» эфирінен – 4, «Taraz-24» телеарнасында – 5  көрсетілім шықты.

Ауданда «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газеті редакциясы жұмыс істейді.

«Байзақ ауданы әкімдігінің» facebook және инстаграм  парақшалары (2018 жылдың 17 шілдесінен бастап) ашылған.

Бүгінгі күнге ауданның оң имиджін қалыптастыру мақсатында 225 материал (92 – instagram, 133 – facebook) жарияланып, нәтижесінде халықпен кері байланыс орнатылуда. Аудан әкімдігінің парақшасында бүгінгі күнге 12301 (instagram – 3115,  facebook – 9186) оқырман тіркелген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша 18 ауылдық округте халықпен кері байланыс орнату мақсатында «WhatsApp» желісінде 21 чат ашылған.

Қоғамдық қауіпсіздік

Бүгінгі күнге аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында ұрлық саны
34 тен 23 дерекке -32,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде пәтер ұрлығы 10 нан 8 дерекке төмендеген -20,0 пайызға және мал ұрлығы 19 дан
7 дерекке төмендеген -63,2 пайызға. Сонымен қатар:

  1. Қоғамдық орында жасалған қылмыстар -30,0 %, 10-нан 7 ге төмендеген,
  2. Көшелерде жасалған қылмыс саны -0,0 %, яғни 5 тен 5 ке теңескен,

3.Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс -100%, 1-ден 0-ге төмендеген,

  1. Бұрын сотты болғандармен + 90,9 %, 11-ден 21 дерекке өскен,
  2. Мас күйінде жасалған қылмыстардың -12,5 %, 8-ден 9 ға өскен,
  3. Топпен жасалған қылмыс 2600 %, 1-ден 27-дерекке өскен.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив