ҚР ИИДМ сараптамалық қоғамдастықпен кері байланыс орнату үшін ашық диалог алаңын пайдаланады

ҚР ИИДМ сараптамалық қоғамдастықпен кері байланыс орнату үшін ашық диалог алаңын пайдаланады

Белгілі бір жобалар, бастамалар немесе проблемалық мәселелерді талқылау үшін, сондай-ақ жан-жақты зерделенген жоспарлар мен шешімдерді қабылдау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде биыл шілде айында «Ашық сағат алаңы» ашылды.

Жоба министр Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен ИИДМ жұмысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысында қоғаммен кері байланысын орнату мақсатында құрылды.  

Осыған орай, министрліктің жауапты қызметкерлері сарапшылармен, кәсіпкерлермен және азаматтық қоғам өкілдерімен ZOOM арқылы тұрақты негізде онлайн форматта кездесулер өткізеді. Кездесудің тақырыбы мен өткізілу уақыты алдын ала анықталып, министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарланады. Өзекті әрі қызықты тақырыпта өтетін кездесулерге БАҚ өкілдері де шақырылады.

«Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы алғашқы кездесу Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен өтіп, 14 шілде күні онлайн өткен жиын барысында отандық машина жасаудың өзекті мәселелері талқыланды. Талқылауға ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов, «QazIndustry» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Бекенов және Қазақстанның машина жасау саласының кәсіпкерлері қатысты.

Егжей-тегжейлі әңгіме барысында электротехникалық және темір жол машина жасау салалары мен лифт өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, саланы дамыту бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Алатау» лифт жасау компаниясы» ЖШС басшылары, Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығының және Қазақстан лифтішілері Ұлттық қауымдастығының өкілдері өз ұсыныстарын білдірді. Субсидиялау тетіктерін іске қосу мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысты ұсыныстар келіп түсті. Сондай-ақ, шикізатты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелер айтылды.

Кездесу барысында 2021 жылы Қазақстанда 620 бірлік лифт жабдығы өндірілгені, ал 2022 жылдың алғашқы бес айында 480 лифт шығарылғаны белгілі болды. Жалпы, былтыр электротехникалық және темір жол машиналарын өндіру көлемі 554,3 млрд теңгені құраса, осы жылдың бес айында өндірілген өнім көлемі 202,6 млрд теңгені құрады.

Кеңесті қорытындылаған Қайырбек Өскенбаев кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият зерделеніп, ескерілетінін айтты.

Кейін автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Т.Абдуллинмен автомобиль жолдарының сапасы мәселесі бойынша мазмұнды кездесу өтті.

Қоғам қайраткерлері С.Тоққұлов пен Б. Баймағамбетов жол құрылысы жобаларының қымбаттауы проблемасын айта келе, битум сапасына қатысты сұрақты жедел шешуге мүмкіндік беретін FIDIC қағидаларын енгізу мәселесін көтерді.

Сонымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесулердің бірінде Шымкент әуежайын дамыту мәселелері талқыланды. Ашық талқылауға ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті, қала әкімдігі, отандық авиакомпаниялар, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері қатысты.

Белгілі болғандай, бүгінгі таңда қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін қаладағы ұшу-қону жолақтарының бірінде шектеу енгізілді. Мүдделі тараптармен бірлесіп комитет өкілдері әуежай қызметінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі шараларды пысықтады. Сондай-ақ жаңа жолаушылар терминалының құрылысы бойынша жобаны іске асыру барысы қаралды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив