Сотталғандардың  атқару парақтары қалай өндірілуде

Сотталғандардың атқару парақтары қалай өндірілуде

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың сот үкімі бойынша атқару парақтары мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына қарыздары толықтай өндіріліп жатыр.

Нақтырақ айтар болсақ, ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталғандардың атқару парағының орындалуын мекеменің  Қаржымен қамтамасыз ету тобы айналысады.

Сотталғандар қала аумағындағы жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мекемеде жазасын өтеп жатқан  жұмыс жасайтын  46 сотталғанның 66 атқару парағы бойынша өндіру жұмыстарын жасап жатыр. Мекеменің қаржымен қамтамасыз ету тобының   қызметкері Гүлжайна Боранбаеваның  айтуынша Арнайы есепке алу тобынан мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тізімі алынып, олардың ішінде қарызы барлары тексеріледі. Негізі атқару парақтары сотталғанның жеке ісімен бірге келіп, сот үкімінде көрсетіледі. Егерде атқару парағы болмаған жағдайда мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға сұрау жіберіледі. Осы сұраулардың нәтижесінде келіп түскен атқару парақтары, сотталғандардың қарыздары жалақыларынан  ұсталып мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына жіберілуде. Сот үкімі бойынша қарыздарын өтеу бағытында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өз еріктерімен жыл басынан бері  13 млн.теңге, ал айлық жалақыларынан 2,5 млн. теңге мемлекет пайдасына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар пайдасына өндірілді дейді есепші маман.

Сонымен қатар кейде, сотталғанның сұраныстары бойынша жеке қабылдап, қаржы мәселесі бойынша туындаған сұрақтарына да жауап береміз. Оларға әрбір азамат мемлекет заңдарын сақтауға, сот шешімін орындауға міндетті екенін айтып түсіндіріп отырамыз —дейді Гүлжайна  Бақытқызы.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив