Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау және жаңа оқу жылына дайындық туралы

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау және жаңа оқу жылына дайындық туралы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың денсаулық, коммуникация, шығармашылық, таным, әлеуметтік дағдыларын қалыптасытыра отырып, бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етудің алғашқы сатысы болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында, оларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамысыз ету, қамтылғандар үлесін арттыру мақсатында үкімет тарапынан жағдайлар жасалуда.

Осы мақсатта бірнеше мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жұмыс істеді. Соның бірі - 2010 жылы қабылданған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы.

Балабақшаларды ашу кезінде қиындық туғызбас үшін, 2011 жылдан бастап лицензиялау тоқтатылған болатын. 

«Балапан» бағдарламасы қабылданғанға дейін,  2009 жылы облыста 191 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істеп,  оған қамтылу үлесі 32,8%-ды ғана құраса, оның ішінде 2 жекеменшік балабақша болды. 

Бүгінгі күні облыста 569 мектепке дейінгі ұйым бар, онда 57888 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында - 91,5%, 2-6 жас аралығында - 94%,  3-6 жас аралығында - 100%.

Оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны - 217, онда 22211 бала тәрбиеленеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту үлесін арттыру мақсатында  (2-6 жас арасындағы балалардың қамту үлесі - 94%) облыста 2022-2025 жылдарға арналған Қадамдық жоспар әзірленген. Қадамдық жоспарға сәйкес 2022 жылы 2197 орындық 24 жекеменшік ұйымдар ашу жоспарланған. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына (Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы) сәйкес жүргізіледі.                                                        

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі үшін жағдайлар нормативтік талаптарға, санитариялық қағидалар мен өртке қарсы нормаларға, толыққанды дамуға, дамытушы ортаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге, бейнебақылау жүйесінің болуына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер біз әділ қарым-қатынасты, балалардың құқықтарын қорғауды, олардың балабақшаларда қауіпсіз болуын қамтамасыз етуді қаласақ, ата-аналар балаларын балабақшаға жіберуден қорықпаса, онда балабақшаларға қойылатын талаптарды кіру кезінде лицензиялау және жұмыс істеуі кезеңінде аттестаттау жүйесі арқылы тексерілуі керек.

Сонымен қатар, осы функцияларды іске асыру кезінде мемлекет екі тараптың тікелей байланысы тәуекелін барынша азайтты, өйткені рәсімдер объектілерге бармай-ақ жүргізіледі.

Бүгінгі күні балабақшалардағы лицензиялау тәртібін қайтару бойынша жұмыстар басталып кетті.

Шын мәнінде, мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайды, лицензиялау мұндай салдарға әкелмейді - оның мемлекеттік мекемелерге де, жекеменшік мекемелерге де қатысы бар, керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына барлық жағдай жасап отыр және жасайды да.

2021-2022 оқу жылында облыс бойынша 480 білім беру ұйымдарында 244299 оқушы білім алды (оның ішінде 444-і күндізгі, 4-і кешкі, 5-і арнайы, 27-і жекеменшік мектептер).

Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 21999 оқушы қабылданады деп жоспарлануда.

1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуір - 1 тамыз аралығында жүргізілуде. Бүгінгі күні 1 сыныпқа келушілердің 90,7%-ның құжаттары қабылданды.

Қазіргі таңда облыста 1 апатты (Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 1 бөлігі), 3 үш ауысымды (Жамбыл ауданындағы Айша бибі ОМ, Қордай ауданындағы №7 ОМ, Тараз қаласындағы №50 ОМ), 2 орын тапшылығы бар мектептер бар (Тараз қаласындағы №53, №55 ОМ).

2022 жылға 15 мектеп құрылысына 6,8 млрд. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2022 жылы 10 мектеп пайдалануға беріліп (Байзақ – 2, Жамбыл  -1, Жуалы-2, Қордай-1, Шу-1, Тараз қаласы-3), 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы,  6 тозығы жеткен мектеп мәселесі шешіледі деп жоспарлануда.

2022 жылы 18 білім нысанының (16 мектеп, 2 балабақша) күрделі жөндеу  жұмыстарына 4 197 728 мың теңге бөлінді.      

2022-2023 оқу жылына 2022-2023 оқу жылына 2 сынып,  3, 5, 7 – сыныптар үшін «Неміс тілі», 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, 1 сыныпқа арналған дәптерлер, әдеби кітаптарды сатып алуға  және жеткізуге 2,9 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 16 млн 266 мың тасымалдауға).

Бүгінгі күні 28 баспамен 163 келісім шарттар жасалды ( 2021-2022 ж 24 баспамен 174 келісім шарттар жасалған).

Тапсырыс берілген оқулықтарды білім мекемелеріне жеткізу жұмыстары ағымдағы жылдың 15-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

2022 жылы жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасынан шыққан 47 601 оқушыны әлеуметтік қолдауға 4 млрд. 777 млн. 226 мың теңге бөлінді (жыл басында 3 027 925 мың тг., еңбекақыдан жылжытылғаны 449 301 мың тг., мәслихатпен берілгені 1 300 000 мың тг.).

Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан (88 001,5 млн.теңге) облыс бойынша 5,4%-ды құрайды (Қ.Р. Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз).

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Logan 27 марта 2023 17:05

    I'm looking for a sketchy website that can hook me up
    with some Metformin without any pesky prescriptions
    Get Metformin Online for diabetes Cure at Best Price
    Buy diabetes meds from shady Canadian pharmacies Find the best illegal diabetes meds online, we won't
    judge

    Take a look at my web site ... diabetes medication online no Rx

  2. аватар
    Charis 26 июля 2023 13:03

    Hello, I do think your site might be having web browser compatibility problems.
    When I look at your website in Safari, it looks fine but when opening in IE, it's got some
    overlapping issues. I merely wanted to provide you with
    a quick heads up! Other than that, wonderful site!


    Here is my homepage; prix du chrisale

  3. аватар
    Hannah 29 августа 2023 05:14

    Wonderful goods from you, man. I have understand your
    stuff previous to and you are just extremely fantastic.
    I really like what you've acquired here, certainly like what you are stating and the way in which you say
    it. You make it enjoyable and you still take care of to keep it wise.

    I can not wait to read much more from you. This is actually a terrific web site.



    my site Eleanor

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив