Қызылордада жазасын өтеушілер  жұмыс орындарынан тексерілді

Қызылордада жазасын өтеушілер жұмыс орындарынан тексерілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеушілердің жұмыс орындары тексерілді. Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар Қызылорда қаласы аумағында жеке кәсіпкерлерде, өндірістерде келісімшарт негізінде жұмыс жасайды.

ЗК-169/4 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы Б. Қалиев сотталғандардың жұмыс орындарынан тексеріп, жұмыс орындарын өз беттерінше тастап кетуге, тыйым салынған заттарды қолдануға болмайтыны және мекемеге кешікпей уақытында келуі туралы түсіндірме жүргізді.

-Мекемедегі жазасын өтеушілер қала аумағындағы 31 кәсіпкерде жұмыс жасайды. Олар пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, көлік жөндеу орталығында, көлік жуу, арық тазалау, ішкі әрлеу  жұмыстарымен, кірпіш, пескоблок , пеноблок өнімдерін шығарумен айналысады. Жуырда тағы төрт сотталғанды «Сәулет» ЖШС-на жұмысқа орналастырдық. Олар ішкі әрлеу жұмыстарын жасайды. Жұмыс жасау арқылы еңбекақыларынан мемлекет және жеке тұлға алдындағы берешектерін өтейді. Жұмыс істейтін сотталғанды күнделікті мекеме қызметкерлері жұмыс орындарынан тексеру жұмыстарын жүргізеді,-дейді әділет аға лейтенанты Бағлан Қалиев.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив