Жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға

Жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтарға өздерінің конституциялық борышы – мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемелерін орындау туралы есте сақтау қажет екенін хабарлайды.

Ең алдымен, олар жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуі қажет, ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу орны бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны ұсыну қажет.

Белгіленген нысан бойынша хабарлама «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда не келу тәртібімен қағаз жеткізгіште беріледі.

Жеке тасымалдаумен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:

- патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК;

- «e-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК;

- оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК;

- ЖК жалпы белгіленген режимде.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленеді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив