Департамент бастығы жеке кәсіп ашқан сотталғандарды марапаттады

Департамент бастығы жеке кәсіп ашқан сотталғандарды марапаттады

ҚАЖ департаментінің аумақтық   пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға  әлеуметтік-құқықтық көмектер белсенді көрсетіліп келеді. Пробация есебіндегі сотталғандардың басым көпшілігі жеке кәсіпке бет бұрған. Бұл пробация инспекторлары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. 2021 жылы  пробация есебінен өткен 47 сотталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып, жоба аясында бизнес жоспар құрып, комиссияның оң нәтижесіне ие болып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашқан.

Қоғамнан өз орнын тауып, түзелу жолына түсіп жеке кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлының бұйрығымен Алғыс хатпен  марапатталды.

« 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негізінде оқу курсын оқып, сертификат алып, мемлекет тарапынан қайтарымсыз кредит алдым. Қазір мал шаруашылығымен айналысып жатырмын. Жеке кәсіп ашуыма  себепкер болған пробация бөліміне алғысым шексіз»,- деді  есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив