Ауылдағы ағылшын тілі: қалай бәсекеге қабілетті болу керек?

Ауылдағы ағылшын тілі: қалай бәсекеге қабілетті болу керек?

Ағылшын тілі курстары Атырау облысының Орлы ауылындағы дарынды балалардың әлеуетін ашты.

Әлеуметтік жобаның қалай іске асырылғаны туралы бізге «Құрманғазы - Туған жер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азамат Абдуллаев айтып берді.

«Біз Құрманғазы ауданының білім беру бөлімімен, жергілікті мектептермен, еріктілер клубтарымен ынтымақтастық орнаттық. Өз жобамызбен Орлы ауылында тұратын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтап, олардың жаңа білім алуға деген қызығушылығын арттыра алдық. Негізінен біз 7-8 сынып оқушыларын оқыттық», - дейді Азамат Абдуллаев.

Оның айтуынша, қаланың оқушылары үшін шет тілдерін оқыту тұрғысынан ұсыныстарға таңдау көп. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік жоба Атырау облысының ауылдарынан келген балалардың білімі мен ой-өрісін кеңейту үшін жасалған.

«Ағылшын тілін жақсы білу мамандық таңдауға үлкен әсер етеді. Біздің жобамыздың арқасында көптеген жасөспірімдер болашақта мұғалім болуды шешті. Ағылшын тілінің қосымша сабақтары педагогикалық іс-әрекетке құрмет көрсете алды. Сонымен қатар, аймақта шет тілдерін білетін мамандарға сұраныс өте жоғары. Ауыл оқушылары заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын», - дейді ол.

Шағын гранттарды бөлу шеңберінде жобаны іске асыру аяқталғанына қарамастан, «Құрманғазы - Туған жер» ҚБ педагогтары оны өз күштерімен волонтерлік негізде жалғасты.

«Мұндай жобалар ауыл тұрғындары үшін қажет. Сондықтан біз бұл жобаны 2022 жылы кеңейтіп, басқа да ауылдардың оқушыларын қамтығымыз келеді», - дейді Азамат Абдуллаев.

Еске сала кетейік, «Жастарға арналған ағылшын тілі» жобасы  Азаматтыө бастамаларды қолдау орталығының және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған 60 шағын гранттық жобаның бірі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив