Ортсайлауком шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Парламент Сенаты депутатының сайлауын 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындады, сондай-ақ сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті

Ортсайлауком шығып қалған депутаттың орнына Алматы облысынан Парламент Сенаты депутатының сайлауын 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындады, сондай-ақ сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті

2022 жылғы 22 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда «Шығып қалғанның орнына Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлауды тағайындау туралы» мәселе қаралды.

Отырысты ашқан Нұрлан Әбдіров 2021 жылғы 29 желтоқсанда Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқтыратын негіздің пайда болуы туралы қаулы қабылдағанын атап өтті.

Парламент Сенатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Сенат депутаты Н.Н. Қылышбаевтың өкілеттігі тоқтатылды, сондай-ақ ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 69 және 83-баптарына сәйкес Парламент Сенатының депутаттарын шығып қалғандардың орнына сайлауды олардың мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтінен бастап екі айдан кешіктірмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындауға тиіс екенін атап өтті.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Ортсайлаукомның шешімімен шығып қалғанның орнына Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалды.

Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком төрағасының орынбасары Константин Петров егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Ол Конституцияға сәйкес, отыз жасқа толған және соңғы он жылда ел аумағында және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алатынын атап өтті. Сонымен қатар, кандидаттың жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы және белсенді сайлау құқығына ие болуы керек.

Сондай-ақ, отырыста Алматы облысынан шығып қалған депутатының орнына 2022 жылғы 22 сәуірге тағайындалған сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау науқанының келесі кезеңдері анықталды:

Кандидаттарды ұсыну – ағымдағы жылғы 23 ақпаннан бастап 22 наурыз сағат 18-ге дейін (сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады.

Сенат депутаттығына кандидатты облыстың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін таңдаушылардың жалпы санының кемінде он проценті, бірақ бір мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентінен аспайтын дауыс қолдауға тиіс.

Тіркеу – ағымдағы жылғы 1 сәуір сағат 18.00-ге дейін (барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші (немесе өзін - өзі ұсынған жағдайда азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші); тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын 900 000 теңге сомасында құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Сайлау алдындағы үгіт – 1 сәуір сағат 18.00-ден кейін – 21 сәуір сағат 00.00-ге дейін (кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады).

* Тыныштық күні – ү.ж. 21 сәуір.

* Дауыс беру күні – ү.ж. 22 сәуір.

Сайлау заңнамасына сәйкес Сенат депутатының сайлауында дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін Алматы облыстық сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

Парламент Сенаты депутатын сайлау қорытындыларын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей – ү.ж. 28 сәуірден кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив