Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысуға 200-ден астам ҮЕҰ өтінім берді .

Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысуға 200-ден астам ҮЕҰ өтінім берді .

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ-дан мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі конкурсқа өтінімдерді қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды Орталықтың баспасөз қызметі.

ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа қатысуға ҮЕҰ-дан 358 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді 204 ҮЕҰ жолдады. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде 50 ҮЕҰ-дан 89 өтінім, орыс тілінде 154 ҮЕҰ-дан 269 өтінім келіп түсті.

«Өтінімдерді қабылдау 7 ақпанда аяқталды. Бұдан кейін біздің қызметкерлер берілген өтінімдердің грант жоспарында көзделген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзімдеріне, аумақтық қамтуға, бөлінген қаражат мөлшеріне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігін, ҮЕҰ-ның Дерекқорда тіркелгендігін немесе тіркелмегендігін тексерді», - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төраймы Лима Диас.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 77 ҮЕҰ-дан түскен өтінімдер конкурс талаптары мен шарттарына сәйкес келмейді деп танылды.

Тәуелсіз конкурстық комиссияның қарауына 155 ҮЕҰ-дан түскен 281 өтінім жолданды, олардың 65-і мемлекеттік тілде ұсынылған.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстың қорытындылары 2022 жылдың 4 наурызында белгілі болады.

Еске салайық, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ-ға 2022 жылы 53 тақырып бойынша мемлекеттік грантты ұсынбақ. Гранттық жобалар адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлікті ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік, мәдени салаларының 12 бағытын қамтиды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив