Ауыл шаруашылығы министрлігі  96 миллион гектар жерді тексерді

Ауыл шаруашылығы министрлігі 96 миллион гектар жерді тексерді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті бағыттарының бірі ресурс үнемді егіншілікті дамытуды, жайылымдарды ұтымды пайдалануды, жайылымдарды суландыру және олардың  тозуы мен шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қарастырып жатыр.

           Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ауыл шаруашылығында және тұтастай ел экономикасында үлкен маңызға ие. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалық жағдайымен, оны пайдалану сипаты мен жағдайына тікелей байланысты.

           Ведомство жүйелі негізде жерді топырақтық және геоботаникалық зерттеу жүргізеді. 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін 33 млн га алаңда ауқымды топырақ зерттеулері, 33 млн га алаңда геоботаникалық зерттеулер және 30 млн га алаңда топырақ бонитировкасы жүргізілді.

 Жүргізілген жұмыстар қарашіріктің, жалпы фосфор мен азоттың, калий мен фосфордың жылжымалы қосылыстарының құрамын, қышқылдығын немесе сілтілігін, сортаңдануын, карбонаттығын, тұздануын және топырақтың механикалық құрамын (жер құнарлылығының көрсеткіштері) анықтауға мүмкіндік берді, оларды білу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде қажет.

Деректер негізінде арнайы аттестатталған зертханаларда жүргізілетін мұқият талдаулар негізінде әзірленген жерді ұтымды пайдалану үшін қажетті ұсынымдар қалыптастырылды.

Жерді ұтымды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған түсіндірме жазбалары бар барлық материалдар мен деректер одан әрі пайдалану үшін тұрақты негізде облыстық және аудандық әкімдіктердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына беріледі.

 Жер ресурстарының өнімділігін сақтау, экожүйенің функциялары мен қызметтерін қолдау және қажеттіліктерді қанағаттандыру әлеуметтік-экономикалық міндет қана емес, сонымен қатар қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік болып табылады.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Jessie 10 апреля 2024 18:33

    With havin so much content and articles do you ever run into any issues of plagorism or copyright infringement?
    My blog has a lot of completely unique content I've either
    written myself or outsourced but it seems a lot
    of it is popping it up all over the web without my authorization. Do
    you know any techniques to help reduce content from being stolen? I'd certainly appreciate it.


    Also visit my web-site ... tamsulosin dostępny w
    aptekach w Katowicach

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив