СҚОда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

СҚОда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Кездесу облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өтті.

Өңір басшысы өз сөзінде бағдарламалық құжаттың бүкіл қоғам үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. «Тұжырымдама сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруды, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруді көздейді», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Жобаны таныстыру барысында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымов кездесу қатысушыларының назарын парасатты бизнесті қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Тұжырымдама жобасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу жөніндегі шаралар блогына аударды.

 «Бұл келісім-шарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер, компаниялардың бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтимал сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті. Адал жұмыс істейтін компаниялар, біздің ойымызша, қаржылық жағынан көтермеленуі керек. Әрине, тікелей емес, бірақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қолдау және т.б. кезінде преференциялар алу арқылы мүмкін болады» - деді Жарқын Ғалымов.

Талқылау барысында бизнесмендерге заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны, пара беруге уәде беру және ұсыну үшін көзделген жауапкершілік шаралары, сондай-ақ негізсіз баю үшін жауапкершілік институты бөлігінде сұрақтарға жауап берілді.

Айта кету қажет, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2021 жылы 83 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді, оның ішінде 16 факті бизнеске заңсыз араласу бойынша. Алайда, кәсіпкерлердің де оңай олжа іздеген фактілері бар. Мысалы, 2021 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылған 70 тұлғаның 15-і бизнес субъектілері.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив