Мәжбүрлі түрде емдеу мекемелерінде қандай адам құқықтарының бұзылғаны анықталды

Мәжбүрлі түрде емдеу мекемелерінде қандай адам құқықтарының бұзылғаны анықталды

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау, сапалы медициналық қызметтерді алу мен оларға мемлекеттік кепілдік беру – конституциялық құқықтарын сақтау – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының 2019-2020 жылдарға арналған жинақталған баяндамасы таныстырылымы кезінде мәжбүрлі түрде емдеу мекемелерінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселесіне баса назар аударылды.

2019 жылы ҚР аймақтарындағы ҰАТ қатысушылары тиісті ұйымдарға 62 мониторингтік тексеріс жасады. Оның ішінде туберкулезге қарсы диспансерлер мен ауруханаларға 20, психиатриялық ауруханалар мен наркологиялық стационарларға 42 рет барды. 2020 жылы 63 мониторингтік тексеріс жүргізілді, оның үшеуі – арнайы.

ҰАТ Үйлестіру кеңесінің мүшесі Сергей Молчанов ҰАТ қатысушылары қызметін қаржыландыру деңгейі – маңызды мәселелердің бірі болып қалып отырғанын атап өтті. ҰАТ мандаты кеңейіп жатыр, ал қаржыландыру деңгейі өзгеріссіз. Осыған байланысты С. Молчанов барлық өкілетті мекемелерді қамту үшін ҰАТ қаржысын ұлғайту керек екенін айтты. Атап айтқанда, Павлодар қаласында олардың саны 250 болса, ҰАТ оның тек 33-ін қамтамасыз ете алады.

Мониторингтік тексеріс нәтижелері бойынша көптеген мекемелер күрделі жөндеуді немесе медициналық қажеттіліктер үшін арнайы салынған стандартты ғимараттарға ауыстыруды қажет ететін ғимараттар мен үй-жайларда орналасқан.

Ең кең тараған проблемалардың бірі – қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдай. Сергей Молчанов 2020 жылы санитарлық ережелердің жаңа нормалары шыққанын еске салды. Мысалы, сол нормаларға сәйкес, әр палатада ыстық және суық су жүргізілген раковина болуы керек, бірақ кейбір медициналық ұйымдарда олар атымен жоқ. Сондай-ақ, азық-түлік сатып алу тұрғысынан белгіленген тамақтану нормаларының да бұзылуы да бар.

Денсаулық сақтау саласындағы мекемелердің проблемалық аймақтардың көпшілігі науқастарды емдеу кезінде оңалту бағытының жоқтығымен немесе дұрыс дамымауымен байланысты. Бұл әсіресе психиатриялық ауруханаларға қатысты, психикалық денсаулық жүйесінде құқықтық деңгейдегі айтарлықтай оң өзгерістерге қарамастан, пациенттерді бақылау, ұстау, шектеу мен оқшаулау функцияларын орындайтын тарихи жағдайды көбірек ұстанады. Қызығушылық бойынша сабақтардың болмауы, уақытты пассивті өткізу адамның деградация деңгейінің артуына, әлеуметтік, тұрмыстық және өмірлік қабілеттерінің жоғалуына себепші болады. Қазіргі кезге дейін психиатриялық қызметке балама түрлерді жасауға, сондай-ақ қолданыстағы жүйені деинституционализациялауға шаралар өте аз қабылданды. Әлеуметтік қорғау органдары психиатр дәрігерде есепте тұрған мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарлмасын жасамайды.

«Жылдар өтсе де, психиатрияда пациенттерді оңалту проблема болып қалып отыр. Медициналық мекемелерде оңалту көп болған сайын, күрделі жағдайлардың да аз болатынын тәжірибе дәлелдеді. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары қолданылған аминазин сияқты дәрілік препарат қолданысы қайта қаралуы керек деп есептеймін. Ол моральды түрде ескірді және ол 1996 жылдан бастап Еуропалық Одақта қолданылмайды. Оның нейроуыттылығы жоғары және көптеген жанама әсерлері бар. Қазақстанда оны балаларға да қолданады. Ми дамуы керек, ал нейролептиктер оған мүмкіндік бермейді», - деп ескертті Сергей Молчанов.

ҰАТ қатысушылары анықтаған теріс аспектілерді қозғай отырып, Сергей Молчанов кәмелет жасына толмаған азаматтардың жағдайына баса назар аударды.

«Бірінші кезекте, бұл – балалардың минималды стандарттар бойынша тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз етілмеуі – бір балаға арналған шаршы метр нормасының бұзылуы. Балалар қалыпты өмір сүруін, емделуін, білім алуы мен дамуын қамтамасыз етпейтін жағдайда өмір сүреді. Тамақтану әрдайым сапа жағынан да, сан жағынан да жас ерекшеліктеріне сай келе бермейді. Емдеу процесінде дәрі-дәрмек көп қолданылады», - деп назар аударды спикер.

Сондай-ақ Молчанов балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілері тұрақты түрде жасырылатынын атап өтті. БАҚ, ҰАТ қатысушылары мен прокуратура осындай жағдайларды анықтайды. Тағы бір мәселе – медициналық мекемелер қызметкерлері мен басшылығының ҰАТ туралы білмеуі. Салдарында тиімді мониторингтік тексеріс жүргізуге кедергілер туындайды. «Ең ашық ведомство – қылмыстық-атқару жүйесі. Ең жабық ведомство – медициналық мекемелер», - дейді С. Молчанов.

Спикер деректеріне сәйкес, оң өзгерістер де бар. Денсаулық сақтау мекемелерін ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған инфрақұрылыммен жабдықтаудан оң нәтижелер көруге болады. Мүгедектер арбасын қолданатын жандарды ескере отырып, жеке палаталар жөнделіп, нысан арқылы өтетін жол жасалып жатыр. Оған қоса, Молчанов 12 мекеме басшыларының тиісті инфрақұрылымы жоқ екенін атап өтті.

Жалпы алғанда, аталған кезеңде мәжбүрлі түрде емдеу мекемелеріне барған ҰАТ қатысушыларының шешімдері мен кеңестері Қазақстан Республикасының қазіргі заңнама нормалары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық стандарттарға негізделген. Демек, оларды орындау міндетті.

Көп жағдайда облыс әкімдігінің, мекеме әкімшілігінің және басқарма басшылығының тұрғын үй-жайлардағы, санитарлық-гигиеналық жағдайдағы, медициналық қызмет көрсетудегі, тамақтанудағы, спортпен айналысу және сыртқы ортамен қарым-қатынас жағдайындағы (бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізу, танысу, телефон арқылы сөйлесу) және тағы басқа сәйкессіздіктерді жою жөніндегі нақты кеңестер тиісті ұсыныстар болады.

Өз баяндамасында С.Молчанов жабық типтегі жаңа медициналық мекемелер құрылысы үшін республикалық бюджет қаражат енгізу керектігін айтты. Сондай-ақ спикер мәжбүрлі түрде емдеу мекемелері әкімшіліктеріне стационарларды 2020 жылы қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ретке келтіруге ұсыныс айтты. Молчанов тамақтану нормасын сақтауды ерекше бақылауға алу қажеттілігіне баса назар аударды.

Қазақстанда ҰАТ институционалдық нығаюы ҚР Үкіметінің, БҰҰ Даму бағдарламасының және басқа да халықаралық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады. ҰАТ қатысушыларының қызметін ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова үйлестіреді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив