«Алматы облысында 150 медициналық ұйымның қызметінде бұзушылықтар анықталды»

«Алматы облысында 150 медициналық ұйымның қызметінде бұзушылықтар анықталды»

 

Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2018 жылда жоспарланған 171 денсаулық сақтау объектілерінің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтармен жұмыс істейтін 150 объект (87,7%) анықталды. Барлық медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар және санитарлық-гигиеналық талаптарының бұзылуы анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 10 млн. 634 мың 825 теңге 390 айыппұл салынды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 137 ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1094 денсаулық сақтау объектілердің арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 65 денсаулық сақтау объектісі (5,9%) анықталды. Оның ішінде бір объекттің құрылысы және екі объектте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың перспективтік жоспарына 5, 2020-2025 жылдарға 27 нысан енгізілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы 13 денсаулық сақтау объектісі салынып, пайдалануға берілді, 5 объектте күрделі жөндеу жүргізілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Медициналық ұйымдардың санитариялық жай-күйі қанағаттанарлықсыз болса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне (Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 85А) және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@mail.online.kzэлектрондық мекенжайына хабарласуға болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив