СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына әріптестерінің көзінше үкім шығарылды

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына әріптестерінің көзінше үкім шығарылды

Петропавл қалалық сотының үкімімен Қабдрахман Сақтағанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша пара сомасының 30 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, оған жаза мерзімінде үйқамақта ұстау уақытын есепке алуды ескере отырып, 5 807 478 теңге айыппұл салынды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқара алмайды.

Осы үкіммен Айнагүл Қарабаеваға лауазымды тұлғаға пара бергені үшін пара сомасының 20 жиырма еселенген түрінде жаза тағайындалды, бұл 4 000 000 теңгені құрайды.

Тергеу барысында «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің жетекшісі Қарабаева а.ж. 23 қыркүйегінде жас дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету мәселесі бойынша уәкілетті және атқарушы органдар алдында мақұлдау алу үшін Сақтағановқа 200 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат бергені анықталды.

Айта кету керек, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету мақсатында сот процесін сотталушының әріптестері – облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұжымы бақылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив