Нұр-Сұлтан қ. «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан қ. «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Нұр-Сұлтан қ. «Сарыарқа» ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Нұр-Сұлтан қ. №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол үкіммен пара бергені үшін Култаеваға К.К. 200 мың, Сығаеваға С.Д. – 300 мың, Исамидиновке И.И. - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив