Жыл басынан Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде болған 6 көлік тәркіленді

Жыл басынан Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде болған 6 көлік тәркіленді

Солтүстікқазақстандықтардың біразы шетелде тіркелген көліктерге басымдылық береді. Алайда олар қиындыққа тап болуы мүмкін. Құжаттардың түпнұсқасын тексеру мүмкін болмаған жағдайда көліктің айдап әкетілгені немесе шектеу қойылғаны жайлы анықтау мүмкін емес, қазақстандық қылмыстық қуадалаудың нысаны болуы және көлік құралынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан Петропавл аумағында Ресей Федерациясында іздеуде болған 6 автомобиль анықталды. Олардың барлығы айып тұрағына қойылды және қажетті процедуралар аяқталған соң шетелге тапсырылады. Сенімхат немесе сақтандыру бойынша көліктерді пайдаланған адамдарға бұл жағдайда ешқандай өтемақы көзделмеген. 

«Шетелде тіркелген көліктерді тіркеу құжаттарында көрсетілген адамдардан ғана сатып алу керек, автокөлік жайлы толық мәлімет алған дұрыс, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Сатып алатын көліктерді тіркелген елден есептен шығаруға және оларды Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына тіркеуге кеңес береміз,  ҚР аумағында сақтандыруды ресімдеу жайлы ұмытпаған жөн».

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив