Айналымды жасау күнін қалай анықтауға болады

Айналымды жасау күнін қалай анықтауға болады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 379 - бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2, 5, 7-12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады деп хабарлайды:

1) егер шарт талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе - мынадай күндердің бірі:
- жеткізуші (сатушы) айқындаған тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауарды беру күні;
         - тауарды жеткізушінің (сатушының) көлік құралына тиеу күні;

2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:

- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде - өнім беруші (сатушы) мен алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;

- қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалған, алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаның билік етуіне тауар берілетін күн.

Осылайша, тауарларды жеткізу шарттарына байланысты айналым жасалған күн тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау күні бойынша, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген тауарларды тиеп-жөнелту күні бойынша не бастапқы бухгалтерлік құжаттың басқа күні бойынша айқындалуы мүмкін.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив