Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың соттық және сотқа дейінгі тәртібінің жаңашылдықтары

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың соттық және сотқа дейінгі тәртібінің жаңашылдықтары

 

Қазіргі таңда Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау өзекті мәселе болып отыр.

Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері барынша қамтылған негізгі нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңын, ал ол құқықтарды қорғаудың сот арқылы жүзеге асыруын реттейтін нормативтік құқықтық актіге Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексін жатқызуға болады.  

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-бабының 6-тармағына (кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау) сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында көзделген құралдармен қамтамасыз етiледi.

Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:

- тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;

- тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;

- тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;

- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Ерекше бөлім) 406-444-баптарында (сатып алу-сату туралы жалпы ережелер), 445-457-баптарында (бөлшектеп сатып алу-сату) сатып алушы – тұтынушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері қамтылған.

         Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 454-бабына (сапасы лайықты тауарды алмастыру) сәйкес, Сатып алушы азық-түлікке жатпайтын тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды сату орнында немесе сатушы хабарлаған өзге де орындарда бағасында айырма болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жинақтылығы және т.б. бойынша соған ұқсас тауармен алмастырып алуға құқылы.

Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы.

Егер тауар пайдаланылмай, оның тұтыну қасиеттері сақталса және оның сол сатушыдан сатып алынғандығына дәлелдер болса, сатып алушының тауарды алмастыру немесе оны қайтару туралы талаптары қанағаттандырылуға тиіс.

      Осы бапта аталған негiздемелер бойынша алмастырылуға немесе қайтарылуға жатпайтын тауарлардың тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен айқындалады.

Осыған ұқсас норма «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 14-бабында көзделген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 9-бабының 1, 2-тармақтарына (азаматтық құқықтарды қорғау) сәйкес, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеу арқылы азаматтық құқықтарды қорғауды тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады.

Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.

2020 жылдың басты жаңашылдығы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың күрделі механизмі енгізілді, оған тұтынушының өз құқығын қорғаудың сотқа дейінгі тәртібінің субъектілерінің ауқымы кенейтілді, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қосымша өкілеттілік берілді

 «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-1-бабымен  тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың институционалдық жүйесі енгізілді.

  Егер күнтізбелік он күн ішінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) шағымға жауап бермесе немесе келген бұзушылықты жою және осы бұзушылықпен келген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, онда, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, ассоциациялар (одақтар) арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Яғни сотқа дейінгі тәртіп сақталуы тиіс еді.

 Осы Заңның 42-3-бабының 6-тармағына сәйкес, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесінде сотта қарау үшін жіберетін талап арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.

Тұтынушының тұтынушылық дауды шешуде сотқа жүгіну ең соңғы органы болып табылады және Азаматтық процестік Кодексте көзделген тәртіпте қаралады.

 

Д.К.Мухамеджанова

Орал қалалық №2 сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив