Педагогтардың тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланды

Педагогтардың тамыз конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі талқыланды

Жаңа оқу жылы қарсаңында, 2021-2022 оқу жылына арналған перспективалық міндеттерді талқылау мақсатында ZOOM платформасында білім басқармасы басшысының, мектеп директорларының, ата-аналардың, педагог қызметкерлердің қатысуымен «Педагогика менеджмент: теория және практика» тақырыбында конференция өтті.

Конференция барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов педагогтарға күрделі сын-қатерлерге төтеп бере алатын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасай алатын қазақстандықтардың мықты буынын тәрбиелеуге шақырды. Оның айтуынша, білім беру саласы еліміздің жарқын болашағы тұтанатын ұста болып табылады.

«Мектептерде парасаттылықты қалыптастыру сіздер мен біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып табылады. Сізге ел игілігі үшін қызмет ететін адал мамандарды тәрбиелеу сеніп тапсырылған. Сіздерді абсолюттік адалдықтың, сатылмаушылықтың үлгісі болуға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырамын» - деп атап өтті Бақытжан Мақсұтұлы.

Сондай-ақ, Бақытжан Ниязов осы жұмыс аясында үстіміздегі жылдың бірінші қыркүйегінде елорданың барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаты» өтетінін, онда оқушылар алдында халық арасында құрметке ие танымал тұлғалар сөз сөйлейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының рөлін күшейту және танымал ету қажеттілігі атап өтілді.

Қалалық тамыз конференциясы – бұл қаланың үздік мұғалімдерінің, талантты әдіскерлері мен педагогтарының, ғалымдарының салтанатты жиналысы. Маңызды іс-шарада өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижелері бағаланды, анықталған проблемалар талқыланды, даму перспективалары нақтыланды.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив