Білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында білім жүйесіндегі жемқорлық мәселесі талқыланды

Білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында білім жүйесіндегі жемқорлық мәселесі талқыланды

Көкшетау қаласының мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуімен «Білім және ғылым» атты білім саласы жұмысшыларының дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті.

Конференция барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев педагогтарды қиын сын-қатерлерге төтеп бере алатын және сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұра алатын қазақстандықтардың мықты буынын тәрбиелеуге шақырды. Оның айтуынша, білім беру саласының дамуы - еліміздің жарқын болашағының кепілі.

«Мектептерде парасаттылықты қалыптастыру біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып табылады. Сіздерге ел игілігі үшін қызмет ететін адал мамандарды тәрбиелеу міндеті жүктеліп отыр. Сіздерді мінсіз адалдықтың, сатылмаушылықтың үлгісі болуға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырамын» - деп М.Төлеубаев атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа Агенттіктің құрылуын Мұрат Төлеубаев еліміздің парасатты ұрпағын тәрбиелеуге жаңа серпін бере алатын тарихи шешім деп атады. Агенттіктің бастамасымен осы міндетті орындау үшін ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап еліміздің барлық оқу орындарында парасаттылық мектептері ашылады.

Осы жұмыс аясында 2 қыркүйекте бүкіл ел бойынша бірыңғай ақпараттық "парасаттылық сағаты" өтіп, онда халық арасында құрметке  және беделге ие тұлғалар, "Нұр Отан" партиясының өкілдері, АМТ мүшелері, мемлекеттік қызметшілер дәріс оқиды.

Сонымен қатар "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" клубтарының рөлін күшейту және дәріптеу қажеттігі айтылды. Қазіргі уақытта олардың жұмысына облыс бойынша 800-ге жуық студент және 50000-нан астам оқушы тартылған.

Жаңа оқу жылының басталуымен мұғалімдерді Ермек Маржықпаев құттықтады. Ол барлық стратегиялық құжаттарда білім беру саласы әрдайым ерекше басымдыққа ие болғанын атап өтті.

«Алдымызда білім беру сапасын арттыруға, оқытудың тиімді процесін ұйымдастыруға бағытталған маңызды жұмысты орындау міндеті тұр» - деп Е.Маржықпаев атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, облыстық басқарма, аудандық білім беру бөлімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, колледждер өкілдері, әдіскерлер мен тәрбиешілер сөз сөйледі.

Соңында білім беру саласының дамуына салмақты үлес қосқан педагогтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив