Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік

«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Мұқатай Ермек Тасболатұлымен "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастырудағы руханилық және адамгершілік" тақырыбында тікелей эфир өткізді.

Кездесу барысында Ермек Тасболатұлы сыбайлас жемқорлықтың рухани-адамгершілік салдарын түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен дайындалған «Жеті рухани қазық» рухани тұғырнамасын, оның негіздері: имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, әділдік туралы түсінік берді.

«Пара алу-бұл иманға лайықты әрекет емес және адамдар бұған жол бермеуі керек, оған қарсы тұруы және парақорлықтың қауіптілігін түсіндіруі қажет. Бұл мемлекеттің іргетасын бұзады, әлеуметтік дамуды тежейді және онымен айналысатындарды шыншылдық пен қадір-қасиеттен айырады. Пара, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ біреудің мүлкіне жасалған басқа да қол сұғу әрекеттері харам екенін еске салғым келеді. Алла тағала тікелей пара алудан басқа, әділетсіз пайда алу үшін өз жағдайын теріс пайдалануға тыйым салды, пара беруші мен пара алушыны ғана емес, олардың арасындағы делдалды да қарғады. Ислам мұсылмандарды сатуға, сатып алуға және адамдардың басқа да құқықтарын іске асыруға қатысты кез келген жағдайда әділдікті ұстануға шақырады. Адамдарды алдау нәтижесінде алынған мүлік мұсылманға тыйым салынған және иесіне қайтарылуы керек, осы орайда эфир көрермендерін парасаттылыққа, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауға шақырамын» - деді Ермек Тасболатұлы.

Ислам ғұламалары пара алудың харам екенін бірауыздан мақұлдаған. Парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет. Пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.

Өз кезегінде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамына қоғам дертіне айналған жемқорлықпен күрес барысындағы атқарып жатқан насихаттау, түсіндерме жұмысына алғыс білдірді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив