Сотталған азаматтар қабылдауда болды

Сотталған азаматтар қабылдауда болды

09.08.2021 жылы Арал аудандық  прокуратурасының прокуроры С. Жетпісбаев  аудандық пробация есебінде тұратын азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған азаматтардың сұрақтары негізінен қайтарымсыз несие алу, рақымшылық бойынша, соттылығының жойылуы тұрғысында болды. Қабылдау барысында Серік Сайлауұлы  сотталған азаматтарға   ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы  «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес түсіндірме жүргізді. Сонымен қоса пробация есебінде тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын, еңбекпен қамтылған-қамтылмағанын, тұрғылықты жерінің бар – жоғын сұрап, қайта қылмыс жасамау керектігін , қылмыстың өтеуі-жаза екенін түсіндіріп, сот жүктеген міндеттерді орындап жүрсе, белгіленген мерзімде  мерзімінен бұрын босатылатынын айтты.

«Мен бүгінгі қабылдауда болып, көкейімде жүрген сұрақты қойдым. Пробация қызметкерлерінің көмегімен жеке кәсібімді ашқан болатынмын. Енді кәсібімді одан әрі дамыту үшін  мемлекет тарапынан қосымша қандай көмек берілетінін  және ол көмекті алу жолын сұрап білдім. Осындай қабылдауларды, кездесулерді жиі ұйымдастыратын пробация инспекторларына алғысым шексіз»,- деді есептегі сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив