Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің, оның аудандық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Талдау жүргізу барысында елорда әкімдігінің құқықтық базасы мен ұйымдастыру-басқару қызметін егжей-тегжейлі зерделеу жоспарлануда.
Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектеновтің айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жемқорлық осалдығы жоғары. «Ағымдағы жылдың 5 айында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктердің қызметкерлерімен жасалған 92 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әшкереленгендердің арасында түрлі деңгейдегі 7 әкім мен олардың орынбасарлары, сондай – ақ, облыстық басқармалардың 14 басшысы бар», - деді.
Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары А. Әмрин Агенттіктің пилоттық нысандағы кешенді талдау жүргізу туралы бастамасын елорда әкімдігінің басшылығы қолдағанын атап өтті. Аталған талдау Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау мақсатында нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне талдау жүргізу қажеттілігіне қатысты тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқанына баса назар аударды.
Қалыптасқан тәжірибе бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық мүдделі ұйымдарды, азаматтық қоғам институттарының өкілдері мен белсенді азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.
Жергілікті атқарушы органның, оның аудандық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпарат болған жағдайда ескертулер мен ұсыныстарды келесі электрондық мекенжайға жіберуге шақырамыз: risk.akimat@antikor.gov.kz.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив