ШҚО-да «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін дерт...» атты кітап көрмесі ашылды

ШҚО-да «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін дерт...» атты кітап көрмесі ашылды

«Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін дерт» деп мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай  қоғамды дендеген сыбайластық дертін дер кезінде емдемесек басты құндылығымыз, толайым табыстардың  кепілі - Тәуелсіздігіміздің іргетасы нық болмайтыны айдан анық.  Сыбайлас жемқорлық - қоғамдық сананы бұзып, алға басқан қадамды кері кетіріп, бұқараның әлеуметтік тұрмысын, еліміздің экономикасын әлсіретеді.

Сондықтан, болашағымыз бұлыңғыр болмауы үшін, жемқорлықтың түп тамырына балта шабу бүгінгі таңдағы басты міндет. Бұл орайда, келешек иелері – жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеп, санасына салауатты селкеу түсіру бүгінгі өзекті мәселелердің бірегейі. Осы орайда идеологияның, соның ішінде әдебиет пен мәдениеттің де атқарар маңызы айрықша. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасындағы «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін дерт...» атты кітап көрмесінің алға қойған мақсаты жас ұрпақты көркем әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық туралы шығармалармен таныстыра отырып, адал өмір сүруге, әділ қаракет жасауға, жемқорлыққа төзбейтіндей мінезде болуға  баулу. 

Кітап көрмесінің ашылу салтанатына  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің маманы Мейіргүл Сахариева, «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков, Халифа Алтай атындағы мешіттің найб имамы және ШҚО ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі Арайлым Есімбекова қатысты. Қонақтар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы не істеу керек, қалай қаракет жасау керек, осы орайда жас буынмен қалай жұмыс істеу  керек және т.б көкейтесті мәселелер туралы өзекті ой-пікірлерін ортаға салды.

 Кітап көрмесінде оқырмандар тағлымдық тұрғыдағы көркем шығармалармен таныса алады. Атап айтқанда:  ұрпағын «адал адам болуға»  үндеген ұлы Абайдың асыл мұрасы;  Шығыстың ғұлама ғалымы Әл - Фарабидің әділ билеуші туралы «Қайырымды қала» трактаты; Оралхан Бөкейдің адамдық пен адалдықты  дәріптеген «Бес тиын», «Атау кере» шығармалары; Дүкенбай Досжанның «Ар соты», «Метамарфоза» әңгімелері; Дидахмет Әшімханұлының  «Жолдас генерал!»; Қабдеш Жұмаділовтің «Пирамида», «Ақтұманның ханшайымы» туындылары; Нұртан Төлепбергенұлының «Жемқорлықтың жеткен жері» кітабы және басқа да көптеген  тағлымды шығармалар.

Сонымен бірге арнайы жасалған кітап үлгілерінің парақтарына поэтикалық және прозалық  шығармалардағы қызмет бабын теріс пайдалану, парақорлық, бюджет қаражатын ұрлау және т. б. жемқорлық  туралы  қазақ және орыс тілдерінде үзінділерді оқи аласыздар. Сыбайластық туралы ой-пікірлерді тобықтай түйіндеген  мақал-мәтелдер де көпшілік назарына ой салары күмәнсіз.  

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив