Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің дамуын және  құрылымын, азаматтардың дүниетанымдық көзқарасын, тұтас экономиканы бұзатын негізгі қоғамның індеттерінің бірі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ең негізгі және басты шарттарының бірі – профилактикалық жұмыстардың жоғарғы деңгейде атқарылуы.

Еліміздің Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың маңызды екендігін атап өтеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - Қазақстанның құқықтық реформасының басымды бағыттарының біріне айналды.

Жемқорлықтың қауіпі жоғары екені туралы біз балабақша, мектеп қабырғасынан бастап ұғынып, білуіміз керек. Мемлекеттің қарыштап дамуының негізгі себептерінің бірі – жемқорлықтың жойылуы. Осы бағыттарда сыбайлас жемқорлық мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында, жария баяндамаларда жиі айтылып, қозғалып жатыр. Жемқорлықпен күресудің әдістері мен түрлі бағыттары әзірленіп, негізгі ұсынымдары өз жолын тауып отыр.

Осындай бір ұсынысты атап өтсем, бұл жастардың, мемлекеттік қызметшілердің және халықтың арасында, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау. Мектеп, жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті дәріптейтін арнайы пәнді қосу.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына, әсіресе экономикаға, әлуметтік салаға, саясатқа, мемлекеттің абыройына және т.б. кері әсерін тигізеді. Аталған құбылыстың жағымсыз салдары соншалықты, ол тек қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, елдің ұлттық қауіпсіздігіне елеулі зардап әкелетіні анық.

Әлемдік экономикада сыбайлас жемқорлық - нарықтық бәсекенің тетіктерін бұзады, мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын тиімсіз таратуға, кірістің әділетсіз және негізсіз бөлінуіне әкеп соқтырады, тауарларға бағаның өсуіне ықпал етеді, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылуына және көлеңкелі экономиканың пайда болуына басты себеп болады. Аталғандардың барлығы мемлекеттік бюджетке салықтың түспеуіне, мемлекеттің экономикалық қызметінің іске асырылуына үлкен кедергі болады.

Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық: тіршіліктің игіліктерінің әділетсіз бөлінуіне ықпал етеді, ол өз кезегінде мүліктік теңсіздікке әкеп соқтырады, мемлекет және қоғамның тіршілік етуін реттейтін негізгі құрал болып табылатын құқықты шектейді, нәтижесінде қоғамның санасында азаматтардың билік алдында және қылмыстылық алдында қорғансыздығы туралы көзқарастар мен сезімдер қалыптасады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары қатарына пара алу, өз пайдасына жымқырып алу, өз өкілеттігін асыра пайдалану және т.б. қылмыстарды жатқызуға болады. ҚР Қылмыстық кодекстінде аталған қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

 

Н.Байсеитов

Астана қалалық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің сот приставы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив