Жамбыл облысында балалардың қатысуымен  46 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жамбыл облысында балалардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы тіркелді

 

Жамбыл облысында жыл басынан бері балалардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы тіркелді, -деп хабарлайды Polisia.kz. Жол жағдайы көрсеткендей, кәмелетке толмағандар  арасында танымал және қауіпті хобби– мотороллерлер мен мопедтерге міну пайда болды. Алайда, мұндай көлік құралдарын басқарудың жеткілікті дағдылары  болмауынан  жол қозғалысының жас қатысушылары  арнайы бас киімді және  басқа да қауіпсіздік шараларын қолдануды елемей,   өздерінің қауіпсіздігін  ойламайды. Жыл басынан бері Жамбыл облысында балалардың қатысуымен  46  жол-көлік оқиғасы  орын алды.

Нәтижесінде  50  кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі дене жарақатын алды, екеуі қайтыс болды. Таразда жас велосипедшілердің қатысуымен бір жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір бала зардап шекті. Жамбыл облысының Полиция департаменті балаларды мұқият қадағалап, олардың автомобильдер мен мотоциклдердің кілттеріне  қол жеткізу мүмкіндігін болдырмауға, скутерді жүргізуге тиісті құқықсыз және жүргізу дағдыларынсыз тыйым салуға  жол қозғалысының ересек қатысушыларының назарын  аударады. Балаға автокөлікті немесе мотокөлікті басқаруда бейғамдығы неге әкеп соғатынын түсіндіру маңызды.  Сонымен қатар,  жаяу жүргінші  балалар жолдардағы жол-көлік оқиғасына  жиі қатысушы  да болады.

Автожол бөлігінен өткен кезде  жол  ережелерін сақтамай, гаджеттер мен құлаққаптарды пайдаланып,  сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін бұзатын ересек жаяу жүргіншілердің салғырттығы да  жазатайым оқиғалардың себептері болып табылады. Балалармен жол-көлік оқиғаларының алдын-алуда жеткен нәтижелер  көбінесе ересектердің санасына, жеке мәдениеті мен тәртібіне байланысты. Кішкентай жаяу жүргіншіні тәрбиелеудің ең тиімді құралы – ата-аналар мен айналадағы адамдардың жолдағы мінез-құлқы. Балаларды жеке көлікте тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктері мен ұстау құрылғыларын пайдалану да маңызды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив