ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 27943 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ 27943 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлнұр Бекбаева және өңірдің ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі, облыстың бас имамы Ермек Мұқатай ҚР Қорғаныс министрлігінің 27943 әскери бөлімінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту мақсатында өткізілді.

Өз сөзінде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың негізгі себептері туралы айтып берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалық өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Қорғаныс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау әскери бөлімдер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністері әскери бөлімдердің жауапты басшылары мен үйлестіруші бөлімшелері тарапынан құқықтық мәдениеттің төмендігі мен бақылаудың нашарлығынан туындағанын көрсетті.

Кеөздесу барысында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңда қамтылған сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамалық новеллалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, атап айтқанда әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың нақты құрамдары туралы түзетулерді әскери қызметшілердің назарына жеткізді.

Өз сөзінде өңірдің ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі, облыстың бас имамы Ермек Мұқатай:

"Пара алу – бұл лайықты әрекет емес және адамдар бұған жол бермеуі керек, оған қарсы тұруы және парақорлықтың қауіптілігін түсіндіруі қажет. Бұл мемлекеттің іргетасын бұзады, әлеуметтік дамуды тежейді және онымен айналысатындарды батылдық пен қадір-қасиеттен айырады. Пара, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ біреудің мүлкіне жасалған басқа да қол сұғу әрекеттері харам екенін еске салғым келеді. Алла тағала тікелей пара алудан басқа, әділетсіз пайда алу үшін өз жағдайын теріс пайдалануға тыйым салды, пара беруші мен пара алушыны ғана емес, олардың арасындағы делдалды да қарғады. Ислам мұсылмандарды сатуға, сатып алуға және адамдардың басқа да құқықтарын іске асыруға қатысты кез келген жағдайда әділдікті ұстануға шақырады. Адамдарды алдау нәтижесінде алынған мүлік мұсылманға тыйым салынған және иесіне қайтарылуы керек", - деді.

Кездесу соңында қатысушыларды парасаттылыққа, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауға шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив