Агроөнеркәсіптік кешен қауіпсіздігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына байланысты

Агроөнеркәсіптік кешен қауіпсіздігі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына байланысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтауының нәтижелері қаралды.

   2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру, тұқым шаруашылығын дамыту, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін, сондай-ақ пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) шығындарын өтеу бойынша субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің мерзімдерін бұзудың 732 жағдайы анықталған,  бұзушылықтардың орын алуының басты себебі бюджет қаражатының жетпеуі немесе болмауы болып отыр.

  Отырыс нәтижесінде, жұмыс тобы мүшелерімен Басқарма және Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктеріне қаражатты мәслихатта бекіту үшін аудандық деңгейде субсидия алуға үміткер ауыл шарашылығы тауар өндірушілерінің алдын ала тізімін қалыптастыру механизмін әзірлеу ұсынылды.

  Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасында заңды күшіне енбеген нормаларды негізге ала отырып асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қызметтерін көрсету кезінде негізсіз бас тартудың 58 жағдайы анықталған, сонымен бірге аталған негізсіз бас тартулар жұмыс кестесін бұза отырып, жауапты мамандармен демалыс және мейрам күндері басқарма басшысының (ЭЦҚ) қолымен берілген.

 Осылайша, ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының шешімімен басқармаға алдағы уақытта қызмет алушыларға асыл тұқымды мал шаруашылығын, тұқым шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуды субсидиялаудан бас тартудың себептерін нақты түсіндіру ұсынылды.

  Сондай-ақ, отырыс барысында жұмыс тобының мүшесі М.Жұмашев ауыл шаруашылығы жануарларына берілетін есептік нөмірлердің (сырғалар) жетіспеушілігіне қатысты проблемалық мәселені атап кетті, бұл сәйкесінше мемлекеттік қызметтердің сапасына кері әсер етеді.

  Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы жануарларының есептік нөмірлерінің (сырғалар) жетіспеушілігін алдын алу үшін  алдын-ала сатып алу жұмыстарын жүргізуде ауыл шаруашылығы басқармасына ветеринария басқармасымен өзара әрекеттестікті күшейту, ал ауыл шаруашылық жануарлары шетелден әкелінген жағдайда, жұмыс тобы «БАБЖ» АЖ көмегімен кедендік бекеттерде бірдейлендіруді іске асыру ұсынылды.

   Ауыл шаруашылығы басқармасының субсидиялау қызметіндегі жүйелі кемшіліктерді ескере отырып, жұмыс тобы ауыл шаруашылығы субьектілерін субсидиялауды проактивті форматта жүргізу, яғни қызметті қызмет берушінің бастамасымен, субсидиялауға келісімін алу үшін қызмет алушыға хабарлама жіберу жолымен жүргізу, бұл ретте субсидиялау барысында кезектілікті сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер» мемлекеттік базасын құру ұсынылды. 

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив