Ақтөбеде батыс өңірінің мемлекеттік қызметкерлері арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Ақтөбеде батыс өңірінің мемлекеттік қызметкерлері арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтөбе,  Маңғыстау,  Батыс Қазақстан және Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында тоғызқұмалақ ойынынан онлайн-турнир өтті. Турнирдің мақсаты мемлекеттік қызмет саласында ұлттық зияткерлік ойынымызды дамытып, танымал ету.

Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер арасында аталған ұлттық спорт түрінен сайыс ұйымдастыру үрдіске айналған. Бұл жолы турнир Ақтөбе облысының зияткерлік тоғызқұмалақ қауымдастығы мен дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе ұйымдастырылды.     

Турнирге әр бір өңірден 3 ер және 3 әйел адам жалпы саны 24 мемлекеттік қызметкер қатысты. Онлайн-турнир наурыз айының 18 күні өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Атырау облысынан Ақтаев Асқар жеңсе,  әйелдер арасында Аязбайқызы Ақнұр жеңімпаз атанды. Екінші орынды Дауылбаев Тәттімбет (Атырау облысы) мен Елубаева Салтанат (БҚО) иеленсе, жүлделі үшінші орынды Алтыбаев Ерлан (Ақтөбе облысы) мен Кадргалиева Айдана (БҚО) иеленді.  Жалпы командалық есепте  Атырау облысының қызметкерлері  үздік атанды.

Жеңімпаздар Тоғызқұмалақ қауымдастығы Президентінің дипломымен,  медальдармен және командалық кубоктармен марапатталды.
         Тәуелсіздік алғаннан бері тоғызқұмалақ ойыны кеңінен таралуда. Турнир жеңімпазы  А.Ақтаевтың айтуынша тоғызқұмалақ ойыны логикалық ойлау қабілет, табандылықпен қатар, мемлекеттік қызметте қолданылатын басқа да негізгі қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Қатысушылар болашақта ұлттық дәстүрлі ойынымыз шахмат пен шашка секілді барлық әлемге танымал ойын атанатынына сенеді. 

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив