ШҚО-да КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШҚО-да КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды. Аталған шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Мейіргүл Сахариеваның, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова мен кітапхана оқырмандарының қатыстысуымен өтті.

«Парасат жолы» орталығы бұған дейін облыстың бірқатар кітапханаларында және жоғарғы оқу орындарының кітапханаларында жұмысын бастаған болатын.

Орталықта адалдық, әділдік, парасаттылық қасиеттерін дәріптейтін Абай мен Шәкәрімнің шығармалары қойылған. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы брошюралар орналастырылған.

Салтанатты іс-шарада парасаттылық қағидатын, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзерістер жайында айтылды.

Сонымен қатар, оқу залының кітапханашысы Ирина Золотарева А. Данте, А.С. Пушкин, Н. Гоголь, И.А. Крылов, В. Шитов және басқа да көптеген танымал жазушылардың шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, "Көркем әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық тақырыбы" тақырыбындағы әдебиетке шолу жасады.

Ашылған "Парасат жолы" орталығы оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдырады деген сенімдеміз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив