АБАЙ КІТАПХАНАСЫ – ПАРАСАТ ОРДАСЫ

АБАЙ КІТАПХАНАСЫ – ПАРАСАТ ОРДАСЫ

"Парасат жолы" – Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жүзеге асырылып жатқан жаңа жоба. Семей қаласында ШҚО Абай Құнанбаев атындағы әмбебап кітапханасындағы "Парасат жолы" орталығының жұмысымен республикалық "Парасат жолы" орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Садыбек Түгел танысты. 

Қонақ "Парасат жолы" өңірлік орталығымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кітап көрмесімен танысты. Одан кейін кітапхана негізінде шығыс елінің зиялы қауымымен кездесу өтті, оған Семей қаласы бойынша «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, ақын Мерей Қарт, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Байділдин Жігер, Семей қаласы әкімінің орынбасары Садырбаев Айдар және басқа да өңірдегі белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты. 

-Ашылған орталықтар қоғам қайраткерлерін, ақындарды, ғалымдарды және басқа да көрнекті тұлғаларды тарта отырып, түрлі ақпараттық — түсіндіру, әлеуметтік-тәрбиелік және волонтерлік жобаларды іске асыруға арналған алаң болмақ, - деп атап өтті іс-шара барысында Сәдібек Түгел.

Кітапханада «Парасат жолы»  орталығы ақпан айында ашылған болатын. Орталықтың мақсаты – адалдық, парасатттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етету. Мәдениет саласы қызметкерлерінің атынан барлық жерде парасаттық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Шара барысында ата салтымызда болмаған кесел жемқорлықпен күрес жолында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар мен жобалар жайлы нақты әрі толық мағұлмат берілді.  Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет пен мәдениет арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихаттау жайлы айтылды. Сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу – бүкіл қазақстандық қоғамның маңызды міндеті екендігі айтылып, алдағы уақытта елдің еңсесін түсіріп, дамуына кері әсерін тигізетін кеселді дертпен бірлесіп күресуге шақырды.

"Парасат жолы" - адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ рухани құндылықтарды, қоғамда ұлттық мәдениетті ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив