Франциямен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам

Франциямен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықты нығайтудағы кезекті қадам

11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Францияның Қазақстандағы жаңа елшісі Дидье Канесспен кездесті.

Тараптар әңгімелесу барысында саяси жаңғырту мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы бірінші басшылардың алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі, жауапкершілікті қатаңдату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы жауапкершілікті атап айтумен, салалық заңнаманың новеллалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз тарапынан, Канесс мырза Агенттіктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы оң пікірін білдіріп, Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларының жақсарғанын атап өтті.

Францияның Қазақстанның топ-5 инвесторларының қатарына кіретінін ескере отырып, «Protecting business and investments» жобасы дипломаттардың ерекше қызығушылығын тудырды. Тараптар осы бағыттағы өзара іс-қимылды нығайтуға және Қазақстандағы француз бизнесінің өкілдерімен жақын арада кездесу ұйымдастыруға келісті.

Екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастығының негізі 2009 жылы үкіметаралық келісім деңгейінде қаланды. Белгіленген уағдаластықтар шеңберінде жыл сайын жылына, кемінде,
2 рет Агенттік қызметкерлері тәжірибе алмасуға және француз әріптестерінен оқудан өтуге мүмкіндік алады.

Мысалға, 25-29 қаңтар аралығында Ұлттық басқару мектебінің (ENA) қолдауымен Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының қызметкерлері үшін онлайн-семинар ұйымдастырылды.

Кездесу соңында Елші өткен жылы оқудан өткен адамдарға сертификаттар табыс етті. Тараптар бір-бірімен, оның ішінде тағылымдамаларды ұйымдастыру арқылы тәжірибемен бөлісуді одан әрі жалғастыруға ниетті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив