Қазақстанның барлық аймағында ХҚО-лар іске қосылды

Қазақстанның барлық аймағында ХҚО-лар іске қосылды

Жергілікті билік органдарының шешімімен бүгін Жамбыл облысының, кеше Шымкент және Семей қалаларының ХҚО-лары жұмысын қайта бастады.

Осылайша, республиканың барлық аймағында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Коронавирус пандемиясының жағдайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет алушыларды жаңа ережелерге сәйкес қабылдай бастады.

Атап айтқанда, азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін алдын ала бронь жасау қажет. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 (@Kenes1414Bot) телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

ХҚО ғимараттарына кірушілерден қатаң түрде бетперде кию талап етіледі. Қашықтықты сақтау үшін 1,5-2 метр аралығында арнайы белгілер жасалған. Әр халыққа қызмет көрсету орталығында санитайзерлер бар.

Сонымен қатар, қазір ХҚО-дан онлайн түрде қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді алуға болады (106 қызмет).

Электронды қызметтерді қазақстандықтар әрі қарайда онлайн түрде үйлерінен немесе елімізде арнайы ашылған 600-ден астам egov бұрыштарынан алуын жалғастырады, тиісті қызметті алуға оларға 1414 байланыс орталығы мен виртуалды ассистенттің кеңес берушілері көмектесе алады. Таяу арада осындай тағы 400 egov бұрышы іске қосылады. Олар облыстық әкімдіктердің ғимараттарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында, оқу орындарында және т.б. жерлерде орналастырылады.

Азаматтардың үш санаты электрондық қызметтерді бұрынғыдай халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады, бұл – зейнеткерлер, көп балалы отбасы мүшелері және мүгедектер. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Олар да халыққа қызмет көрсету орталығына баратын уақытын алдын ала брондауы тиіс.

Айта кету керек, қызмет көрсетудің жаңа ережелері тек мегаполистердің, облыс орталықтарының және Семей қаласының ХҚО-ларын қамтиды. Аудан орталықтарында орналасқан ХҚО-лар және аудандық маңызы бар фронт-офистер бұрынғыдай жұмыс істейді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив