Жер салығы

Жер салығы

 

Құрметті жерді пайдаланушылар, салық салынатын барлық нысандар үшін жер салығы бойынша бюджетпен уақытылы есептесу қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз.

Жер салығы – жерді пайдаланушының қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне қарамастан есептеліп, бюджетке төленуі тиіс өндірістік емес төлемдердің бір түрі.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жер салығын есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің (бұдан ары - Салық кодексі) 14-бөлімінде бекітілген.

Жеке меншiк құқығында,тұрақты жер пайдалану құқығында, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:

1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде - мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;

2) қалған жағдайларда - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады.

Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.

Салықтық мөлшерлемелер жер учаскесінің санатына байланысты Салық кодексінің 61-тарауында белгіленген.

Салық кодексінің 510-бабында жергілікті өкілетті органдармен жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету көзделген.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 509-бабымен автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелеріне арналған жер салығының 10-есеге артқан базалық мөлшерлемелері қарастырылған.

Салық кодексінің 511-бабы ережелерінің негізінде салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргiзіледi.

Мемлекет жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде салық төлеуші жер салығын жер учаскесіне осындай құқықтар берілген айдан кейінгі айдан бастап есептейді.     

Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн пайдаланудың іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.

Жер салығы бюджетке жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.

Салық кодексінің 512-бабына сәйкес заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi салықтық кезең iшiнде есептеуге және төлеуге мiндеттi.

Ағымдағы төлемдердің мөлшерi салықтық кезеңнiң басында болған салық салу объектiлерi бойынша салықтық базаға тиiстi салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер ағымдағы салық төлемдерінің сомаларын салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Салықтық кезең ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, осындай салықтық кезең ішінде ағымдағы салық сомаларын төлеудің келесі кезекті мерзімі оларды бірінші төлеу мерзімі болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде, осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде тек түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу жүргізіледі.

Жер салығы бойынша мiндеттемелер салықтық кезең iшiнде өзгерген кезде ағымдағы төлемдер, салықтық мiндеттемелердiң өзгеру сомасына осындай салықтық кезеңде жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.

Салық салу объектiлерiне құқықтар салықтық кезеңнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне иелік етудің іс жүзіндегі кезеңi үшiн есептеледi.     

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуге тиiс. Бұл ретте осы құқықтарды беретін тұлға салық сомасын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзi жер учаскесiн беретiн айдың басына дейiн есептейдi. Осындай құқықтарды алған тұлға салық сомасын оның жер учаскесiне құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең үшiн есептейдi.

Салық төлеушi салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.

 Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салықтық кезең үшін декларация ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жер салығын төлейді.

Жер салығын жерді пайдалану (азаматтық-құқықтық мәмлелер) құқығы туындаған немесе жер учаскесін ұсыну туралы мемлекеттік органның актісі шығарылған айдан кейінгі айдың 1-ші күні есептеу қажет екендігіне жерді пайдаланушылардың назарын аударамыз.

Жер учаскесін рәсімдеген жер пайдаланушылар, іс жүзінде әрдайым жер салығын уақытылы есептемейді, есеп беруді және салық салынатынрәсімделгеннысандар бойынша бюджетпен есеп айырысуды уақытылы ұсынбайды және жүргізбейді.       

Жер салығын әкімшілендіру барысында, мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша жер салығын есептеу және төлеудің толықтығына камералдық бақылау жүргізіліп отырады.

 

Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив