Жолаушыларды тасымалдау жүйелі бақылауда

Жолаушыларды тасымалдау жүйелі бақылауда

 

«Адал жол» аясында аймақтық Арнайы мониторингтік топ мүшелерінен, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті және Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінен құралған жобалық топ «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ қызметінде «Құпия сатып алушы» әдісімен тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг жүргізу кезінде жол жүру құжаттарын заңсыз сатуға және билетсіз жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу мақсатында вокзал мен жолаушылар поездары қамтылған.

Топтың шығу нәтижелері бойынша билеттерді қайта сату фактілері анықталған жоқ, бұл аймақтық жобалық топтың және жалпы, «Адал жол» жобалық кеңсесі қызметінің тиімділігін көрсетеді.

Сонымен қатар, «Көкшетау-Қызылорда» теміржол жолаушылар құрамының жағдайына мониторинг жүргізілді, оның барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, төсек-орын жабдықтарының жағдайы, гигиеналық құралдардың болуы, санитарлық нормалардың сақталуы, вагондардың техникалық жағдайы зерттелді.

Айта кету керек, жақын уақыттан бері осы пойызда жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді жетілдіруде оң сәт болып табылатын буфет жұмыс істейді.

Билет кассаларының жұмысын, вокзалдарда жолаушылар пойыздарына билет сату бойынша алыпсатарлыққа жол бермеуді, сондай-ақ жол жүру жолындағы жолаушылар пойыздарын бақылауды күшейту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар 2019 жылдың 30 қарашасынан 2020 жылдың 4 қаңтарына дейінгі кезеңде «Жолаушылар пойыздарына билет тапшылығын жою» акциясын өткізуде.

Аумақтық көліктік бақылау инспекциясының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері тексеру жүргізу барысында билетсіз жолаушыларды тасымалдаудың 77 фактісі, сондай-ақ жолжүгін және жүк-багажды тасымалдау ережелерінің 35 бұзушылығы анықталды (бұл: артық қол жүгін тасымалдау, өрттен қорғау сигнализациясының ақауы, қауіпті заттарды тасымалдау және т.б.). Анықталған ескертулер бойынша 36 әкімшілік материал салынып, 244 934 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 29 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында Теміржол жолаушылар көлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісім аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ штатында темір жол тасымалдарын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізуді көздеген «Адал Жол» жобалық кеңсесі құрылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив