Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Тұңғыш Президент күні аталып өтті

 

Жамбыл облысының Полиция департаментінде барлық қазақстандықтар үшін айтулы күн - Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кеш өткізілді. Іс-шараға ПД басшылығы мен қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикадағы ерекше қызметтерін айрықша атап өту мақсатында  құрылды.

Салтанатты жиынның алғы сөзін Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі  Арман Оразалиев бастап, жеке құрам мен ішкі істер органдары ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде елімізді жаңа деңгейге көтерген Тұңғыш Президенттің жоғары сіңірген еңбегін атап өтті.

- «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамдағы әділеттілік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, елдің территориялық тұтастығын, оның тыныштығын сақтауға үлкен үлес қосты. Нәтижесінде бүгінде Қазақстан әлемде мойындалған мемлекетке айналды.», - деді А.Оразалиев.

         Дәстүр бойынша, бұл күні полицияның үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етілді. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін салтанатты марапаттау рәсімінде 20-дан астам қызметкер марапатталды. Олардың арасында мерзімінен бұрын полиция полковнигі атағын Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі  Бауыржан Үдергеновке, полиция майоры атағы Кинологиялық қызмет орталығының бас инспекторы полиция капитаны Леонид Аниськовке тағайындалса, үш полиция қызметкері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, бірқатар полиция қызметкерлері төсбелгілермен, Ішкі істер министрлігі мен Полиция департаментінің грамоталарымен, алғыс хаттар мен  қол сағаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты іс-шара соңында мерекелік концерт ұсынылып, әйгілі «Арлан» вокалды тобы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Үш жүрек», «Аспаптар әуені» және «Заречная көшесіндегі көктем» сүйікті әндерін орындады.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив