Мәжіліс депутаттары Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерін қабылдады

Мәжіліс депутаттары Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерін қабылдады

 

Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Гүлнар Иксанова «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында көп балалы аналар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларын қабылдады.

Мәжіліс вице-спикері өз сөзінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының, әсіресе партияның жаңа жобасы - «Бақытты отбасы» ұлттық жобасының аясында табысы төмен көпбалалы отбасыларына нақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті. Сонымен бірге маңызды әлеуметтік бастамаларының барлығы заң тұрғысынан реттелетінін жеткізді.

15 мыңға жуық көпбалалы отбасы, оның үштен бір бөлігі, яғни 5 мыңың тұрмысы төмен отбасы құрайтын Алматыда «Бір терезе қағидаты» бойынша жұмыс істейтін республикадағы алғашқы Орталық нысаны ашылған. Мұнда көмекке мұқтаж әйелдерге тиісті жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ, орталықта жеке балалар бөлмелері бар және бұл орталық бірқатар көпбалалы аналарды жұмыспен қамтыған. Мұнда күніне 50-60 адам жәрдем сұрап келеді. Екі айдың ішінде мұнда 1086 көпбалалы отбасына көмек көрсетілді.

Әңгіме барысында Алмалы, Түрксіб, Медеу аудандық көпбалалы аналар ұйымдарының өкілдері Елбасына жасалып жатқан  қамқорлық үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында депутаттарға өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Өз кезегінде Гүлмира Исимбаева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу барысында кері байланысты іске қосу арқылы «Nur Otan» партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстардың депутаттар тарапынан ескерілетінін айтты.

 

            (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. «Nur Otan» партиясының ақпараты бойынша.)

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив