ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі атанды

ЮНИСЕФ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми серіктесі атанды

АСТАНА, 20 маусым 2024 жыл – Бүгін ЮНИСЕФ Қазақстан және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталмыш құжат биылғы жылдың ең маңызды спорттық оқиғаларының бірі аясында инклюзияны және балалардың құқықтарын ілгерілетуге бағытталған маңызды ынтымақтастықтың бастамасына айналды. ЮНИСЕФ Қазақстан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми коммерциялық емес серіктесі атанды.

Салтанатты шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның басшысы Наиль Нуров, сондай-ақ Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі, д-р Рашед Мустафа Сарвар қатысты. Наиль Нуров өз сөзінде ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық ойындарды тек әсерлі ғана емес, сонымен қатар балалардың құқықтарын және маңызды шараларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, қауіпсіз етуге көмектесетінін атап өтті. «Дәстүрлі ұлттық ойындардың оқу-тәрбиелік әлеуеті зор, ұлттық ойындарда баланың ойдағыдай дамуы үшін бәрі бар. Олар балалардың төл мәдениеті туралы түсінігін кеңейтуге және халықтың әлеуметтік тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа беруге көмектеседі. Біз БҰҰ-ның халықаралық Балалар қоры ЮНИСЕФ-ті серіктесіміз ретінде көруге өте қуаныштымыз. Бұл 5-ші ойындарға ерекше мәртебе беріп, халқымыздың отбасылық құндылықтарын бірінші орынға шығарады», — деді Дирекция басшысы Наиль Нуров.

Дирекция басшысы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға берілетін жеңілдіктерге де тоқталды. Осылайша, алты жасқа дейінгі балалар Ойындарға тегін кіре алады. Ал Көшпенділер ойындарына 6 мен 18 жас аралығындағы балалар 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Мысалы, «Теңге ілу» мен «Құсбегілік» жарыстарына билет құны 500 теңге болса,  мектеп оқушылары үшін билет 250 теңге тұрады.

Спорт пен дене шынықтыру әр баланың өмірінде маңызды мәнге ие. Олар балалардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, әлеуметтенуіне, денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Медальдар мен жеңістер құрметке бөлейтіні сөзсіз, бірақ спорттық жарыстарға қатысудың өзі балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау үшін одан да маңызды болып келеді.

ЮНИСЕФ барлық балалар үшін инклюзивті және қолайлы орта құруға септесу арқылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қуана қолдау көрсетеді. «Ойын құқығы Бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген. Биыл Қазақстан Конвенцияны ратификацияланғанына 30 жыл толады, ал біз ең ірі халықаралық спорттық іс-шара Дүниежүзілік көшпенділер ойындары осы құқыққа басымдық бергеніне өте қуаныштымыз. Біздің серіктестігіміз барлық ересектерге балалармен ойнау және оларға көбірек көңіл бөлу қаншалықты маңызды екенін жеткізуге мүмкіндік береді», — деді д-р Рашед Мустафа Сарвар.

Меморандум балалардың құқықтары туралы хабардарлықты арттыруға, инклюзияны қамтамасыз етуге және ойындарды ұйымдастыруда техникалық қолдау көрсетуге бағытталған бастамалардың кең ауқымын қамтиды. Атап айтқанда, ЮНИСЕФ волонтерлерді оқытуға белсенді атсалысады, сонымен қатар Этно-ауылда балалар мен олардың ата-аналары үшін танымдық іс-шаралар мен интерактивті мастер-кластар өткізеді. Ғылыми бағдарлама аясында ЮНИСЕФ балалардың дұрыс және теңгерімді тамақтануы жөніндегі халықаралық стандарттармен және ұлттық зерттеудің нәтижелерімен бөліседі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында өтеді және 21 жарыстық спорт түрі бойынша 89 елден 2500-ға жуық қатысушының басын қосады. Осындай айтулы шара тек мәдени және спорттық мереке ғана емес, сонымен қатар балалардың құқықтары мен инклюзиясы туралы негізгі мәселелерді алға бастыруға көмектесетін алаң болады.

Қосымша ақпарат алу үшін https://worldnomadgames.kz/kz сайтына кіріңіз және әлеуметтік желілердегі ЮНИСЕФ Қазақстан және ДКО ресми парақшаларындағы жаңалықтарды қалт жібермеңіз.

Редакторларға арналған ескертпелер

ЮНИСЕФ әрбір баланың құқықтары мен аман-саулығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Дүние жүзіндегі барлық балалардың игілігі үшін ең осал және оқшау қалған балаларға ерекше көңіл бөле отырып, серіктестерімізбен бірге 190 ел мен аумақта осы міндеттемені нақты іс-әрекетке айналдыру үшін жұмыс істейміз.

Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі туралы қосымша ақпаратты unicef.org/kazakhstan/ сайтынан біліңіз немесе Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыз.

Қосымша ақпарат:

ЮНИСЕФ қызметі туралы толығырақ: https://www.unicef.org/kazakhstan/en

Біздің Instagram, Facebook және Twitter парақшаларымызға жазылыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Эльвира Яушева, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілдігі, тел.: +7 778 021 19 12, e-mail: eyausheva@unicef.org

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

  1. аватар
    Liwovosa 18 июля 2024 13:46

    I wanted to thank you for this great read!! I definitely enjoying every little bit of it I have you bookmarked to check out new stuff you post. rajacasino88

    Very interesting blog. Alot of blogs I see these days don't really provide anything that I'm interested in, but I'm most definately interested in this one. Just thought that I would post and let you know. casino88

  2. аватар
    Liwovosa 25 июля 2024 15:29

    Excellent article. Very interesting to read. I really love to read such a nice article. Thanks! keep rocking. luckybet89

    You know your projects stand out of the herd. There is something special about them. It seems to me all of them are really brilliant! luckybet89

  3. аватар
    Гость Anthonyanaep 8 августа 2024 18:57

    как правильно пишется слово равнина
    http://www.openkrokzo.ru
    куда падает ударение в слове ждала
    sigmablog.ru
    http://www.webgraal.ru
    какие вещества являются сильными электролитами
    webgraal.ru
    http://algoblogus.ru
    чего ждал евгений онегин от предстоящей поездки
    toktiblog.ru
    http://sigmablog.ru
    как правильно фольга или фольга

  4. аватар
    Гость Anthonyanaep 9 сентября 2024 13:33

    помоложе как пишется слитно или раздельно
    https://sensorfaq.ru
    какая река впадает в балтийское море
    frutilupik.ru
    https://webpilyla.ru
    как называется храм у мусульман
    snotolkovatelnyi.ru
    https://mirtetriks.ru
    какой разбор в русском языке под цифрой 2
    openkrokzo.ru
    http://www.frutilupik.ru
    великое переселение народов что это

  5. аватар
    Liwovosa 25 сентября 2024 14:40

    Thanks for taking the time to discuss this, I feel strongly about it and love learning more on this topic. If possible, as you gain expertise, would you mind updating your blog with extra information? It is extremely helpful for me. slot malaysia

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив