Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді

Президент тапсырмасы: Астанада жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие қолжетімді

Қазақстан Президенті өз Жолдаулары мен тапсырмаларында жас кәсіпкерлерді қолдауға бірнеше рет назар аударған болатын. Бұл жұмыстың Астанада қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы онлайн брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ елордадағы филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары Олжас Баймаханов түсіндіріп берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты бірқатар тапсырма берген. Оның ішінде жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несиелеу тетігінің арқасында жастарға стартап ашу мүмкіндігі қолжетімді.

Елорда жастары Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген несие ала алады.

«Шағын несиелер агронесиелік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Бұл шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндерге конкурстық негізде беріледі. Жеңілдетілген несиенің шарттары: номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%; несиенің максималды сомасы – 5 млн теңге (кепілдікпен). Мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығында – 7 жыл», - деді Ерлан Жүсіпов.

Өтініш берген кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы керек. Сонымен қатар, микрокредит беру мерзімінің үштен бір бөлігі үшін негізгі борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Міндетті шарт – кепілзаттың болуы. Кепіл ретінде жылжымалы да, жылжымайтын мүлік те қабылданады. Олар болмаған жағдайда кепіл берушіні тарту көзделеді — ата-аналары, туыстары және басқа да сенімді адамдар болуы мүмкін.

Жастарға шағын несие беру туралы шешімді бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, түрлі бизнес салаларының, сондай-ақ оқу орындары мен БАҚ өкілдері кіреді.

Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 6 наурызында Аграрлық-несиелік корпорациясының Астана қаласы бойынша филиалында мына мекенжай бойынша қабылданады: Тұран даңғылы, 19/1, «Эдем» бизнес орталығы. Анықтама үшін телефон +7 701 006 16 38.

Микрокредит алу үшін өтініш берушіге қажетті құжаттар тізімі:
- жеке куәлік,
- бизнес жоспар,
- шотыңыз бар екенін растайтын банк анықтамасы.
- несиелер болған жағдайда несиелік берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар талап етіледі.
- жұмысыңыз болса, өтініш берушінің жалақысы мен басқа да табысын растайтын құжатты көрсетіңіз.
- сондай-ақ кепілге берілген мүлікті бағалау туралы есеп және басқа да құжаттар болуы керек.

«Биыл 562 микрокредиттік қызмет алушыға республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге қарастырылған», - деп қосты Ерлан Жүсіпов.

Сұрақтарға жауап бере отырып, ол кепілге қойылған мүліктің Астана қаласының аумағында болуы міндетті емес екенін және оны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тіркеуге болатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жас қазақстандықтарға жеңілдетілген шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілген болатын.

Қаржы ресурстары өз кәсібін ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын, оның ішінде тауар өндіру немесе сату, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, өндірісті жүзеге асыруға ниет білдірген 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде ұсынылады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/527656?lang=kk

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Lewis 31 марта 2023 00:00

    This is really interesting, You're a very skilled blogger.
    I have joined your rss feed and look forward to seeking more of your great post.
    Also, I have shared your site in my social networks!



    Feel free to surf to my blog :: ads508 slot

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив